Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

18-тамыз Шекарашылар күні

Биыл елдегі шекара қызметінің құрылғанына 29 жыл толды

18 тамыз – осы ел тыныштығы үшін күндіз түнікүзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Ал, биыл Қазақ мемлекетіндегі шекара қызметінің құрылғанына – 29 жыл.

Тәуелсіздіктен асқан киелі ештеңе жоқ. Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету саясаты күн тәртібіне қойылды.

Осы мақсатта жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №862 Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды.

Ұлттық шекара әскерлерін құру кеңес-қытай және кеңес-ауған учаскелерінде мемлекеттік шекараны қорғаған КСРО Шекара әскерлері Шығыс шекара округінің негізінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының әскери және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар жүйесінде Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлкеттік шекараны күзету мен қорғау бойынша міндеттерді орындайтын ведомство болып табылады.

Мемлкеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан, Қазақстан Республикасы – мемлекеттік шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіту жолында кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыста Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Алтай, Қатон-Қарағай және Күршім аудандары көршілес Ресей елімен, Үржар, Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандары Қытай Халық Республикасымен шектессе, оны күзету міндеті ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің бөлімдеріне жүктелген. Сондықтан ел қорғандары артылған жауапкершілік жүгін терең сезініп, өз міндеттерін мінсіз атқару жолында аянбай тер төгуде. Мәселен, 2021 жылдың қантар айынан бастап 7 ай ішінде ШҚО бойынша шекара кеңестігінде 500-дей шекараны бұзу дерегі, шамамен 48 қару-жарақ, оқ-дәрілер заңсыз тасымалдау дерегі, шамамен 12 рет заңсыз есірткі заттарын тасымалдау дерегі, 28-дей рет шекарадан заңсыз контрабандалық заттарды тасымалдау дерегі, 36-дай адам жасанды төл құжатпен өту дерегі бойынша бұзышылықтың жолы кесілді.

Көршілес мемлекеттермен бейбіт аспан астында достық қатынаста ғана болу біздің елдің өмір сүру салтына айналса, басты күшіміз – бірлікте. Десе де, ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпар тұяғы талатын ұлан ғайыр атырап шебін шекарашылар жіті қорып, кірпік қақпай күзетуде. Сондықтан да, олар қандай болсын құрметке лайықты. Қазақстан Республикасы бойынша соңғы жылдары ШҚО бойынша департаментінің Шекара басқармалары үздіктер қатарында көш бастап тұр. Бұл әрине темірдей тәртіппен Отанға деген сүйіспеншіліктің нәтижелі жемісі.
Следующая →