Усть-Каменогорск
облачно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +26°
  • Нур-Султан (Астана)
    +21°
  • Актобе
    +34°
  • Форт-Шевченко
    +28°
  • Атырау
    +32°
  • Караганда
    +21°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +26°
  • Кызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Уральск
    +30°
  • Шымкент
    +30°
$
457.98
+5.06
490.86
+5.87
¥
63.12
+0.70
5.26
+0.14
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Алакөлге қатынайтын жол жөнделеді

Үржар ауданындағы Қабанбай батыр ауылы мен Алматы облысындағы Жалаңашкөл арасындағы жолды орташа жөндеуден өткізу туралы былтыр да айтылған болатын

Алайда ол орындалмай қалған. 

Жалаңашкөл шипалы көл болғандықтан, бұған Алматы қаласы мен жақын аудандардан келетін емделушілер көп. Ал жанында Алакөл жатыр. Шипалы көлге келушілерді Алакөлдегі шипажайларға да тарту қажет. Ал бұл үшін қатынас керек. Оның үстіне, былтыр Алакөлдің маңына күрделі абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жағажай адам қабылдауға дайын. 

- Биыл да Алакөлдің маңын абаттандыруға 1 млрд теңге, оның жолын жөндеуге 900 млн теңге бөлінеді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. 

Соған орай, облыс әкімі облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Үржар ауданының әкіміне Жалаңашкөлден Қабанбай батыр ауылына қарай қатынайтын жолға биыл орташа жөндеу жұмыстарын жасап бітіру қажеттігін ескертті. Одан бөлек, Семей мен Өскемен қаласынан Жалаңашкөлге баратын пойыз бағытын да биыл іске қосу қажет. 

Алакөлді абаттандыруға мықтап кіріскен әкім Қабанбай батыр ауылындағы мәдениет үйінің мұражайын да жөндеп, оған облыстық өлкетану мұражайынан тарихи жәдігерлер әкеліп қоюды тапсырды. Мұны ШҚО Мәдениет басқармасына жүктеді. Бұл шаруаны шомылу маусымы ашылғанға дейін жасап қоюы тиіс. Бұған 250 млн теңге қаржы бөлінеді. Әзірше 130 млн теңгесі бөлінген. 
Следующая →