Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шешімі жоқ мәселеде медиация кабинеті көмектеседі

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» кезекті жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды тапсырған

Берілген тапсырмаға сәйкес  ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» ресми сайтында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде жалпы республика көлемінде баламасы жоқ тұңғыш виртуалды медиация кабинеті ашылған болатын. Соңғы деректерге сүйенсек, жеті ай көлемінде  шамамен 81 бір өтініш түссе, соның 70 өтініші оң шешімін тапқан, қалған 11 өтініш бойынша медиаторлар қазіргі уақытта жұмыс жасауда. Жалпы медиаторлар каталогында соңғы көрсетілімдер бойынша өңіріміздің білікті 11 кәсіби медиаторы тіркелген.

Виртуалды медиация  кабинетінің ең негізгі  артықшылығы - кез келген шешуі жоқ сұрақтарды кәсіби медиаторларға жолдау арқылы аз уақыт аралығында нәтижеге қол жеткізу.  Сонымен қатар, компьютер немесе қалта телефондары арқылы кез келген өтініш беруші қалаған медиаторды таңдап, өз өтінішін қалдыра алады. Арықарай таңдаған медиатормен жұмыс жүргізеді.

Шығыс Қазақстаннан бастау алған бірегей жобаға өзге облыстар да ерекше қызығушылық тудыруда. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбындағы республикалық диспут-форумында Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков виртуалды медиация кабинетінің  жұмысын форум қатысушыларына таныстырды. Бүгінгі ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда, қоғам үшін жұмыс істейтін өңіріміздің азаматтары үшін пайдалы  виртуалды медиация кабинетінің ашылуы заман талабы деуге болады. 

http://oddvk.kz/ сілтемесі арқылы кез келген азамат виртуалы медиация кабинетіне өтініш қалдыра алады.
Следующая →