Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Ұранхай қажы» мешіті еккен өнімдерін жинап алды

Өскемен өңіріндегі бірқатар мешіттер бүгінде көкөніс шаруашылығын дамытып, жиналған өнімдерді халыққа таратуда

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен аудан имамдарына мешіт жанынан шаруашылықты дамыту, мал және егін шаруашылығымен айналысу, сол арқылы қайрымдылық көмегін жасау және имамдардың қажеттілігін өтеу туралы арнаулы тапсырма берген болатын.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты Өскемен өңірінде бірқатар мешіттер бүгінде көкөніс шаруашылығын дамытып отыр.

Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті биылғы еккен картоп және басқа да өнімдерін жинап алды.

«Біз биыл жаз бойы егіндікке барынша назар аудардық. Тынбай еңбектенудің арқасында жақсы өнім алдық. Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерімізді тұрмысы төмен отбасыларға және имамдарымызға береміз» деп атап өтті, Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.

Аталған мешіт былтырдан бері аудан әкімінің көмегіен 10 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатыр.

Следующая →