Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абоненттердің ақшасын қайтаруға міндеттелді

ШҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «ШҚО АЭК» АҚ өзінің монополиялық жағдайын асыра пайдаланды деп мәлімдеді

ШҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «ШҚО АЭК» АҚ өзінің монополиялық жағдайын асыра пайдаланып, тұрғындардың заңды құқығын таптауда деген шешім қабылдады.  

Мемлекеттік қызметкерлердің пайымдауынша, энергетикалық компания ақы төлемегендері үшін жарықтарын бірінші рет сөндірген үйлерді электр желісіне қайта қосу үшін заңсыз ақы алып отыр. Сол себепті де ағымдағы жылдың тоғызыншы тамызында ғана мемлекеттік мекеме ШҚО АЭК-ға қайта есептеу жүргізіп, абоненттерге 24 миллион теңге шамасындағы қаржыларын қайтарып беру туралы бұйрық шығарған. Алайда компания басшылығы бұл бұйрықпен келіспей, сотта қарсылық білдіруге тырысқан.

Дегенмен, ШҚО Экономикалық соты компания өтінішін қанағаттандырмай, «ШҚО АЭК» АҚ-ны өз абоненттеріне ақшаларын қайтаруға міндеттеді.
Следующая →