Инсульт орталығы ендігі жылы салынбақ
Зырян ауданы облыс орталығынан шалғайда жатқандықтан, мұнда инсульт алған науқастарды алыстағы орталыққа дер кезінде жеткізу мүмкін емес
Сондықтан Зырян қалалық ауруханасының ғимаратында жүрек ауруларын емдейтін жабдықтар сатып алынып, инсульт орталығы ашылмақ. Соған байланысты облыс әкімі аудандық денсаулық сақтау бөліміне орталық ашуға қажетті панажайды дайындауды тапсырды.
Облыстық денсаулық сақтау басшылары инсульт орталығын жабдықтауға 500 млн теңгеден астам қаржы керектігін айтады.
- Инсульт орталығы тұрғындарға аса қажет. Сондықтан құны 500-600 млн теңге болмасын, мен бөлуге әзірмін, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Одан бөлек, аймақ басшысы Күршім ауданыы орталығынан 140 шақырым шалғайда жатқан Марқакөл ауылындағы жабылып қалған перзентхана бөлімін қайта ашуды тапсырды.
Ал Зырян қаласындағы инсульт орталығына емделуге Катонқарағайдан да тұрғындар келмек.
Следующая →