Усть-Каменогорск
облачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +13°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әкім алматылық кәсіпкерлермен кездеспек

Облыста көп мөлшерде сүт бола тұра, кейбір жергілікті кәсіпкерлер сүтті Павлодар ауданынан сатып алатын көрінеді

Облыс әкімі ауылшаруашылық басқарма басшыларына мұның себебі неде екендігін анықтауға тапсырма берді. Оның үстіне, биыл облыста 30 сүт жинау кооперативі құрылғанымен, сүт қабылдау орындарымен салыстырғанда әлдеқайда аз өнім жинаған. Егер кооператив пен сүт қабылдау орындары барлығы 23 мың тоннадан артық сүт жинаса, оның 4,5 мың тоннасы ғана кооператив иелеріне тиесілі болып шыққан. 

- Кооперативтердің неліктен сүт жинауда аз нәтиже көрсетіп отырғанын анықтау керек. Ұйымдастыру жұмыстарында қателіктер болса, мұны реттеу қажет, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов әкімдік аппараты жиналысында.

Биыл облыста барлығы 615 мың тоннаға жуық сүт өндірілген. Оның тек мың тоннасы ғана Алматы облысына жеткізілген. 

- 2016 жылы Алматы облысына 458 тонна сүт сатылса, 2017 жылы 908 тоннаны құрады. Яғни, көрші облысқа сатылған сүттің көлемі екі есеге артқан. Бұл - қуанарлық жағдай, - дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпов.

Алайда облыс әкімі Алматыға сатылатын сүт көлемі екі есеге емес, бес есеге өсуі қажеттігін айтты. 

- Алматы облысы жыл сайын Еуропа мемлекеттерінен 1 млрд теңге сомаға тең сүт өнімдерін сатып алады. Алматылық кәсіпкерлермен кездесіп, Ресей мен Белоруссиядан қандай сүт өнімдерін сатып алатындығын анықтауымыз қажет, - деді облыс әкімі.

Соған орай, әкім өзінің орынбасары Шалқар Байбековке келесі аптада Алматы қаласындағы кәсіпкерлермен кездесіп, жағдайды анықтап қайтуға тапсырма берді. Ал қараша айының ортасында Даниал Ахметовтің өзі Алматы облысының әкімімен, кәсіпкерлерімен кездесіп қайтпақ. 
Следующая →