Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі аспалы көпір жөндеуден өтеді

Жылдар бойы қалалықтарға қалтқысыз қызмет етіп келген Семейдің аспалы көпірі алғаш рет жөндеуден өтеді

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірегей нысан құрылымының кей бөліктері бiраз тозған. Енді оларды қалпына келтіріп, жолдың асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. 


Ертістің екі жағасын жалғаған көпірді қазақстандық кәсіпорын қызметкерлерімен бірге жапондық «IHI» фирмасы мен «Аларко Алсим» атты түрік компаниясының мамандары салған еді. Жалпы ұзындығы 1086 метрді құрайды. 2000 жылы қолданылуға берілген соң бірталай уақыт күтімсіз қалды. Айта кету керек, Семей көпіріне ұқсас аспалы өткелдің әлемде небәрі 20 тарта түрі бар. Оның бірі Босфор арқылы өтеді. Бұған қоса, жолдың жүретін бөлігіне Қазақстанда жоқ технология қолданылған. Сейсмикалық берік әрі бірегей көпір салу үшін қазынадан 100 млн теңге бөлінген еді.


Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша мамандар жағдайды зерттеп, «ҚазжолҒЗИ» АҚ жабындының құрамы мен оның дайындау технологиясы бойынша қорытынды берді. ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Мұрат Мұсатаев кеңейтілген аппарат отырысында хабарлағандай, алдын-ала жүргізілген есеп бойынша жөндеу жұмыстарына 241 млн. теңге, сонымен қатар өзгеріске түскен жікті қалпына келтіруге 173 млн. теңге қажет. Жұмыс 2018 жылға жоспарланып отыр. 

Следующая →