Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Болашақта Семейде ет комбинаты салынады

Ет комбинаты күніне екі мың ірі қара мен 400 бас ұсақ малдың етін өңдей алады

Жаңа кәсіпорынды салуға ирандық «Agro Portal» компаниясы өтініш білдіріп отыр. Семейде ет комбинатын салу туралы ойын ирандық инвесторлар 2015 жылы айтқанымен, басшылық тарапынан ешқандай қолдау көрсетіліп, назар аударылмаған. Дегенмен, облыс әкімі Даниал Ахметовтің бұл жобаға көзі түсіп, шетелдік компания өкілдерімен екі рет кездесу өткізіп, ет комбинатын салу мен оның өнімдерін саудалау жөнінде нақты ұсыныстар дайындап келуге тапсырма берген. 

Биыл ғана ашылған, инвесторлармен мемлекеттік деңгейде жұмыс жүргізетін «Kazakh Invest» компаниясы «Agro Portal» ЖШС-на қолдау танытып, бизнес-жобасын жүзеге асыруға барынша қол ұшын бермек. Өйткені инвесторлар мемлекеттен заттай грант алуға қарсы емес. 

Ет комбинатын салуға қала әкімшілігі де зор қызығушылық танытып отыр. 

- Бұл кәсіпорын қала тұрғындарын жұмыспен ғана қамтып қоймайды, аймақтың экономикасын дамытуға қуатты күш болады. Кәсіпорын күніне  екі мың бас ұсақ мал мен 400 бас ірі қара малдың етін өңдей алады. Бұл жоба аймақтағы мал өсіру мен мал бордақылау шаруашылығының дамуына үлкен ықпал етеді, - дейді Семей қаласының әкімі Ермак Салимов.

Дегенмен, кәсіпорын дәл қай уақытта салынатындығы әлі белгісіз. Әзірше ет комбинатының «Өндіріс» инвестициялық аймағында салынатындығы белгілі. 


- Қаланың коммуналды қызметі де кәсіпорынның салынуы мен жұмыс жасауын қажетті қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге әзір. Қазіргі уақытта темір жол сілемдерін салу мен электр жарығын, су мен жылуды тарту мәселелері талқылануда, - дейді Семей әкімдігінің баспасөз қызметі.

Семейде кеңес одағы кезінде салынған үлкен ет комбинаты бар екендігі белгілі. Өндірісі жағынан КСРО аймағында үшінші ірі кәсіпорын болатын. Оның өнімдері қазірдің өзінде Ресейге тасымалданады әрі әлі күнге дейін еліміздегі ең сапалы өнім шығаратын кәсіпорындардың бірі саналады. 

Дегенмен, қала билігі Семейдегі ескі ет комбинатын жөндеуден өткізуге қарағанда, жаңада кәсіпорын салу әлдеқайда тиімді деп отыр. 

Айта кетейік, Семейдегі инвестициялық аймаққа ет комбинатынан өзге медициналық қалдықтарды өңдейтін зауыт және пенобетон өндіру мен автокөлік  дөңгелектерін жасайтын кәсіпорын салыну жоспарланып отыр. Инвестициялық аймақ коммуналды қызметпен жартылай қамтылған. Темір жол рельстері мен қойма нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Следующая →