Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сапасыз кірпіштен тұрғызылған үйлерге наразы

«Қарағайлы» тұрғылықты ауданында көппәтерлі тұрғын үйлер бой көтеріп келеді

Құрылыс жұмыстарының қарқыны Семей қаласына арнайы жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Даниал Ахметовтің көңілінен шықты. 

Болашақ «Абай Арена» спорт кешенінің іргесінде бой көтеріп келе жатқан тұрғылықты ауданда 9 қабатты алты үйдің құрылысы жүруде. 

Құрылыс қарқыны жылдам жүріп жатқанымен өңір басшысы кірпіш сапасына наразы болды. Анығына келгенде, кірпіштердің қою бояуы біртіндеп өз түсінен арыла бастаған. 

- Алғаш келгенде кірпіштің түсі қою көк еді, енді көгілдір болып кеткені қалай? Келесі жолы бұл жерде ештеңе болмайды, - дейді Даниал Кенжетайұлы. - Тасымалдаушы компаниямен маңызды әңгіме жүргізу керек. Ол көк түсті материалдар үшін ақша алады. Егер жергілікті өндірушілер сапа талабына жауап бермесе, басқа жерден іздеңіздер. Біз «Қарағайлы» шағын ауданын тұрғызудамыз. Бұл көріті аудан болуы керек. Тіпті, Ресейден сол бағаға сай сапалы кірпіштер тасымалдаңыздар.

Айта кету керек, бұл кірпіштерді жергілікті «Силикат» ЖШС компаниясы өндіреді. Ағымдағы жылы тағы үш үйдің құрылысы басталады. Жалпы бұл өңірде 98 тұрғын үйдің құрылысы салынбақ. 
Следующая →