Өскемен қаласы қысқа дайын ба?
Әр мезгілі мерзімімен келетін Шығыс Қазақстанда биыл қыстың ерте келетін жайы бар
Осыған орай қыркүйек айының ортасында жылу беру кезеңіне дайындық басталып кетті. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызды нысандар 100 пайыз дайын отыр. Жылумен қамту желілерінің жалпы дайындығы 97 пайызға дайын.
ЖЭО және қазандықтарда барлық 55 қазандықты түбегейлі жөндеуден өткізу қаралған. Олар 85 пайызға дайын. Ал облыстың 4 СЭС-інде 17 су құралдарын жөндеу көзделген.
Облыстық әкімдік отырысында қазанның біріне дейін аймақтағы көпқабатты тұрғын үйлер түгел-дерлік қысқа толық дайын болады. ЖЭО мен ірі жылу беру көздері 358 мың тонна отынмен қамтылған. Бюджеттік мекемелер де 100 пайыз дайын. Отын көзінің тапшылығын тудырмау мақсатында аталмыш сала нысандарына күзгі айларда көмір жеткізу көзделген. Сонымен қатар, «Қаражыра» АҚ шілде айының ортасынан бастап отын тасымалын үздіксіз жүргізуде.
- Ауа температурасы күрт төмендейтін болса, мектептер, мектепке дейінгі және денсаулық сақтау мекемелеріне бірден жылу беруді тапсырамын, - деді облыс әкімі Даниал Аxметов жиын барысында.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Зырян қаласының қысқа дайындығының сақадай сай болуын ерекше атап өтті. Қалай дегенмен, қала тұрғындары өткен жылғы жағдайды тағы бір мәрте бастан кешпеулері тиіс.
Следующая →