«Халифа Алтай» мешіті «Серпін» студенттеріне дастархан жайды
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде студенттерге дастархан жайылды
Шарада «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келіп білім алып жатқан студенттер қамтылды.
- Біз осы іс-шараға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Өскеменге келіп білім алып жатқан студент жастарды қамтып отырмыз. Олардың хал-жағдайын сұрап, жергілікті жерге үйренісуіне арнап осындай бастаманы қолға алдық. Мақсатымыз: білім іздеп келген жастарды қолдау болып табылады, - деп атап өтті игі істі ұйымдастырушылар.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Серпін» бағдарламасымен әр өңірден келген студенттерге бұдан былай да облыстық мешіт тарапынан көмектесіп тұру жоспарланып отыр.
Следующая →