Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушылар биыл таршылық көрмейді

Биыл жаңа оқу жылында 663 жалпы білім беру ордалары 184 мың оқушыны қабыл алады

Олардың ішінде 21 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары. Ағымдағы оқу жылында оқушылар да, балабақшаларда таршылық көрмейтіні кәміл. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров айтып өтті. 

 - Облысымызда мектепке дейінгі білім беретін 802 ұйым болса, олардың 302-сі балабақшалар. 98 балабақша - жеке меншік. Сол сияқты 500 шағын орталық болса, олардың екеуі жеке меншік, - дейді Нұргелді Әлханұлы. - Балабақшаларға биыл 63 мың бала барады деген болжам бар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 323 балаға артық.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы балабақшамен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда. 

- Ағымдағы жылы 22 мектепке дейінгі даярлау нысандарын жөндеуден өткізу көзделген, - дейді Нұргелді Әбжапаров. - 1 қыркүйек күні барлық мекемелер есігін айқара ашады. Биыл Риддер қаласында 280 орындық балабақша салынып, қолданысқа берілді.

Сол сияқты өңірде 3 ауысымдық оқуды жою бағдарламасы жүзеге асып келеді. 2016-2017 жылдары облыста мұндай 4 мектеп болған. 

- Биыл жаңа білім ордалары ашылып, 3 ауысымды білім беру бойынша Аягөз қаласындағы бір мектеп қана қалды. 2018 жылы ол өңірде 600 орындық мектеп құрылысы аяқталып, бұл мәселе толық шешімін табады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдар аралығында 4 жаңа мектеп салынса, олардың үшеуі биыл қолданысқа беріледі. Олардың екеуі Семей қаласында, біреуі Аягөз қаласында. 
Следующая →