Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Есту қабілетін сақтау жолдары

Адамзат дыбыс арқылы әлемнің түрлі ғажайыптарын біле алады. Сап-сау адамдардың кенеттен есту қабілетінің жоғалуы үлкен мәселе

Осыған орай, есту қабілетінің нашарлауы мәселесіне денсаулық сақтау жүйесі тарапынан көңіл бөлінуде. Газетіміздің бүгінгі санында есту қабілетін сақтау жолдары туралы дәрігер-сурдолог Жаннұр Төкеновамен әңгіме өрбіркен едік...


- Есту қабілетінің төмендегенін қалай түсінуге болады? Қашан алаңдай бастау керек?

- Адам қалыпты жағдайда сыбырлап сөйлеген сөз бен ақырын айтылған әңгімені алты метр арақашықтықта ести алады. Егер де құлақта шу пайда болса және құлақ бітеліп қалып, тұрақты дыбыстар бар болса, онда дереу сурдологқа барған жөн.


- Облыстық аурухадағы сурдолог қабылдауына қалай баруға болады?

- Сурдологтың қабылдауына лордың «есту қабілетінің төмендеуі» диагнозы мәселесі белгіленген жөнелтпе хатымен жүгінуге болады. Егер де сіздің Отбасылық дәрігерлік амбулаторияңызда лор жоқ болса, қарапайым терапевт те бұндай жөнелтпе хатты бере алады. Невропатологпен бірге біз мойын остеохондрозы, омыртқа дискісінің жарығы, жүйкенің қысымы және қан қысымының бар-жоқтығын анықтаймыз. Себебі тамырлардың түйілуі есту мүкістігінің себебі болу мүмкін. Есту қабілетінің қаншалықты төмендегеніне аудиограмма және қандай деңгейде істен шыққандығын анықтау үшін бірнеше зерттеулер жасаймыз.


- Есту қабілеті нашарлаған жағдайда не істеуге болады?

- Дереу дәрігерге көрінген жөн. Егер есту қабілетіңіздің нашарлауы бес сағаттан бір апта көлемінде болса, жақсы қалпына келтіріледі. Бір ай көлемінде болса, есту қабілетін қалпына келтіру ықтималдығы 50% ғана. Әдетте адамдар жылдар бойы созып жүреді де, салдарынан ауру ми қыртысы деңгейінде асқынып кетеді. Бұндай жағдайда есту қабілеті қалпына келтірілмейді.


- Құлақ бұлығы себептердің бірі болып есептеле ме?

- Бұлық лор-патологияға жатады. Құлақ бұлығы құлақты қорғау үшін бөлінеді. Ал егер бұлық көп мөлшерде бөлінсе, ол гормональды бұзылу болуы мүмкін. Кейде тершең адамдарда құлақ бұлығы көп мөлшерде бөлінеді. Құлақ бұлығын ұзақ уақыт тазартпау қауіпті. Құлақ мұрын және сыртқы есту жолдары арқылы қалыпты демалады. Ал бұлық ауаның кіру жолын жауып тастайды. Сонымен қатар, тұрақты бұлық тығындары іріңдеуге әкеліп соқтырады.


- Құлақты қанша уақыт аралығында және немен тазартқан дұрыс?

- Табиғатта құлақтың өздігінен тазалануы қалыпты қарастырылған. Дабыл жарғағына ештеңе жабысып қалмайды, бірақ кейде құлақ дыңылдайды. Құлақты аптасына бір рет тазалауға болады. Әрі тек моншадан немесе ваннадан (душтан) кейін мақталы таяқшамен, саусағыңызбен тазалай алатын жерге дейін ғана сүрткен жөн. Адамдар құлақты сіріңке таяқшаларымен немесе өткір ұшты заттармен тазалағанды жақсы көреді. Алайда, бұл ретте жараланған жерлерге инфекция түсіп кетуі мүмкін. Соның салдарынан құлақ қабынып кетеді. Бірақ құлақ бұлығын бұлай тазартуға болмайды. Себебі ары қарай итеріліп кеткен бұлықты бұдан кейін алу қиынға соқтырады. Балаларда оны мүлдем тазартпауға кеңес беремін. Себебі балалар өседі және олардың құлақ өткелі тез өзгереді. Сол себепті олардың құлығы өзі шығады.


- Есту аппараты кесірінен өзіңнің есту қабілетіңнің нашарлауы мүмкін бе?

- Жоқ, нашарлауы мүмкін емес. Бірақ, көбі мен әлі кәрі емеспін, есту аппараты маған не үшін керек деп жасқаншақтанады. Бүгінгі күнгі есту аппараттары мүлдем басқа. Олар көзге мүлдем көрінбейді, оның сандық, ішкіканалдық түрлері бар. Әрине олардың бағалары қымбаттау. Есту протезін қолдануды жекеменшік клиникаларда жүргізеді. Біз онда жібергенде оларға тек қандай қуатты есту аппараты керектігін көрсетеміз. Ал клиника таңдау жасайды. Аталған клиникалар тендер бойынша мұқтаж жандарға мүгедектік, әлеуметтік қорғау бойынша көмек көрсетеді. Оларды тізімге кіргізіп, есту аппараттарын береді.


- Есту қабілетін қалай сақтауға болады? Оқырмандарымызға кеңес бере кетсеңіз...

- Ең басты кеңес - есту анализаторын қатты тітіркендірмеу. Мысалы, қатты музыка немесе теледидар дыбысымен. Қазіргі таңда, тіпті, балалар құлаққаппен музыка тыңдайды. Құлаққаптардың көлемі үлкен болуы тиіс және оларды тек екі сағат қана киген жөн. Ішкіканалдық, кішкентай құлаққаптар есту қабілетінің өткірлігін төмендетеді (әсіресе, музыка дыбысы қатты болса). Бұдан неврит туындайды - есту жүйкесінің жиі тітіркенуі, ал ол есту мүкістігінің 1-сатысы.

Следующая →