Усть-Каменогорск
пасмурно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -12°
  • Актобе
    -6°
  • Форт-Шевченко
    +5°
  • Атырау
    -4°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
494.95
+2.30
525.49
-0.22
¥
68.4
-0.07
5.05
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектепке жол: шығынды қалай азайтамыз?

Оқу жылына дайындық тамыз айының басынан басталады. Ата-аналардың көбі мүмкіндігі келгенше оқу құралдары мен киім-кешекті ертерек қамдауға тырысады

Өйткені, оқу жақындаған сайын, баға да көтеріледі.

Кейбір ата-аналардың айтуынша, бір баланы мектепке дайындау үшін 40-50 мың теңгедей ақша керек. Өйткені аудандарда оқу құралдары мен киім-кешектердің бағасы облыс орталығымен салыстырғанда қымбат.

- Менің төрт балам бар. Төртеуін де мектепке дайындауым керек. Оқу құралдарын бір жылға ғана пайдаланады. Ал мектеп формаларын да жыл сайын ауыстырып отыру керек. Өйткені балалардың бойлары өседі, киімдер ескіреді дегендей, - дейді облыс тұрғыны Қарақат Ақпанова.

Тауардың бғасы науқанға тәуелді. Сондықтан мектеп саудасы қызар алдында бағалардың бағамын білу мақсатында базарлар мен дүкендерді аралап көрген едік. Науқанның әлі жақындамағанын бағалардан-ақ білсек болады. Сауда әлі саябыр. Мәселен, Өскемен қаласындағы базарларда балалар сөмкесінің бағасы 2000 теңгеден басталады. Базарлардың ішінде және кіреберісінде оқу құралдары мен мектеп формаларын сататын арнайы орындар көбейіп кеткен. Сондықтан болса керек, саудагерлердің көпшілігі «жаппай сатылым» белгісін қойып, тауарларын аз бағаға бұлдап жатыр. 5-ші және 6-сынып оқушыларына арналған сөмкелер 3500 теңгеден басталса, 10-шы және 11-сынып оқушыларының сөмкелері 5500 теңгеден басталады.

Базар сатушыларымен сөйлесе жүріп байқағанымыз, керек-жарақтарыңызды тек бір саудагерден ғана сатып алсаңыз, соғұрлым тиімді болмақ.

- Өйткені бір сөмкені ғана сатып алып, саудаласқанға қарағанда, үш бірдей сөмкені алуға саудаласқан пайдалы. Ондай жағдайда, үш сөмкені он мыңға беремін, - дейді базар сатушысы Ықылас Тұрсынов.

Сондықтан базарда бір саудагерден бірнеше зат алуға тырысып, бағаны барынша түсіріп алуға болады.

Базарда қыз балалар жейдесін 2000 теңгеден, сарафанды 3500 теңгеден, белдемшені 2500 теңгеден, шалбарды 3000 теңгеден, аяқ киімдерді 2500 теңгеден алуға болады. Егер ыңғайын тауып іздесеңіз, белдемшені 1500 теңгеден, қыз балалар жейдесін 1800 теңгеден табуға болады. Ал жейделер 1500 теңгеден, костюм 10 мыңнан басталады. Сапасы жақсы костюмдердің бағасы -15 мың теңге. Бұл, әрине, ең төменгі бағалар.

Ал дүкендерде баға біршама жоғары әрі саудаласа да алмайсыз. Мұнда сарафандар 10 мыңнан басталса, қыз балалар жейдесі 7 мыңнан, шалбарлар 8 мыңнан, белдемшелер мен жейделер 6 мыңнан басталады.

Балалардың киім-кешегін түгендеген соң, ата-аналар оқу құралдарын алуға қамданады. Бір маркалы оқу құралдарының бағасы қаланың әр бұрышында әртүрлі. Мәселен, 48 беттік қалың дәптердің бір түрі бір базарда 150 теңге, ал екінші базарда 100 теңге, ал көтерме сауда орындарында 85 теңге тұратындығы анықталды. Ал дәл осы маркадағы 96 беттік дәптер базарда 300 теңге, көтерме саудада 150 теңгеге тұр. Сол тәрізді 12 беттік дәптердің өзі базарда 15-20 теңге тұрса, көтерме сауда орындарында тек 15 теңгеге ғана сатылуда. 36 беттік пәндік дәптерлердің бағасы көтерме сауда орындарында 100 теңгеден басталса, базарда 150 теңгеден басталады.

Күнделіктің де бағалары әртүрлі. Қазіргі уақытта тек патриоттық нұсқадағы күнделіктерді ғана мектепте ұстауға рұқсат етілген. Сондықтан сыртында бәйтеректің суреті бар күнделіктердің түрлері көп емес. Көбінің тек түсінде ғана айырмашылығы бар. Мәселен, осы күнделіктің базардаға бағасы 300-400 теңге шамасында болса, көтерме сауда орындарында 250 теңгеге тұр. Ең арзан қаламсаптардың бағасы 10-20 теңге шамасында. Қаламсауыттың бағасы базарда 600 теңгеден басталса, көтерме сауда орталықтарында 300 теңгеден басталады. Ермексаз 170 теңгеден, акварель бояуын 150 теңгеден сатып алуға болады.

Базар мен дүкендегі, көтерме сауда орындарындағы бағаларды салыстыра келе, мектеп формалары мен киім-кешектердің бағасы базарда арзанырақ болса, оқу құралдарын көтерме сауда орындарынан сатып алу арзандау болмақ.


Следующая →