Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қалбатауда Қалихан ескерткіші ашылды

Белгілі айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай орнатылған ескерткіш ашылды

Қалихан ақынның мерейтойы аудан-ауданда аталып өтуде.

Абай мен Мұхтар Әуезов, белгілі ақын-жыраулар, қазақтың балуандық өнері, этнографиялық тайпалар туралы шежірелер жазған Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы, шежіреші-этнограф Молдабек Жанболатов ағалар атынан бір топ делегация бірге келген.

- Қалағаң бізге бөтен адам емес, - дейді ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық иегері, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Абай ауданының құрметті азаматы Төлеген Жанғалиев. - Қалихан Абай ауданының әнұранын жазып кеткен.

Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған бұл шараға ақынның замандастары, шәкірттері, туған-туысқандары да келді. Өнердің діңгегі болып тұрған Қалихан Қалиасқарұлы өн бойындағы қасиетін өзгелерге дарыта білген. Ескерткіштің етегінде ер ақынды еске алған ақындар зиялының атына жырдан шашу шашты.

- 80-90 жылдары қазақ тілді басылымдар азайып, коммунизм түбіне айналып, айтысты феодолизм сарқыны дегенде Семей өңірінде айтыс өнерін сақтап қалған адамдардың бірі, - еді дейді ақынның ұлы Қалбай Алтынбаев. - Осы шараны ұйымдастырған аудан әкіміне, жармалықтарға шын алғысымды білдіремін.

Ескерткішті ашу салтанатына Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы, термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Қалихан Алтынбаевтың жиені Жанна Құрманғалиева, Парасат орденінің иегері Несіпбек Айтұлы, ҚР Президентіні жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық ұлттық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Сүлеймен, ақынның Талдықорған қаласынан шыққан шәкірті Ханша Раисова, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай сынды елеулі адамдар қатысты.

Әр заманда, әр қоғамда таланттардың ішінде де қаптың түбінде жатқан алмас кездіктер өтеді. Қалихан Алтынбаев көшпенділер заманынан бергі жалғасып келе жатқан халықтың алмас кездігі. Сол терең кеткен өнердің өзінде жұрт Қалиханның бір ауыз сөзіне тәнті болып, оны уағыз ете жүретін. Олар жазайын деп жазбаған. Аудандағы, республикадағы айтатын сөздерін үгіт-насихат бөлімдері қарап, айтар сөзін бекітіп беретін. Қалихандардың талантының ерекшелігі сол, белгілеп бекітіп берген сөздерге өзгеріс енгізіп, табан астында халыққа айтарын жеткізетін. Мысалы, халықтың үш бәйтерегі – Ілияс, Сәкен, Бейімбетті таратып бергенін ел жұрт жақсы біледі. Халық айтыс туралы айтқан кезде, сөздің бастауында Қалихандар тұратыны да сондықтан. Бұл ескерткіш Қалиханның жеке басына, ақындығына орнатылған ескерткіш емес. Қазақтың қайсар ұлына, тіліне, сөзіне орнатылған ескерткіш.

Қалбатаудың қақ ортасындағы ұзыннан-ұзақ жолдың бойында көптеген ескерткіштер орын тепкен. «Зере» апамыз, Әзілхан Нұршайықов сынды есімдері өлмес тұлғалардың қатарында енді айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың ескерткіші сапқа тұрды. Өзінің өр заманындағы кескінімен алысқа қараған ескерткіш ашыла салысымен, халық Қалиханның атына арналған республикалық айтысқа ағылды.

Следующая →