Усть-Каменогорск
пасмурно
+5°
  • Усть-Каменогорск
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    +5°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +10°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +2°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Дәрігерге төрт сағат ішінде қаралу керек

Өскемен қаласында екі инсульт орталығы жұмыс жасайды. Оның бірі – орталық ауруханада болса, екіншісі №1 қалалық аураханада орналасқан

Семей қаласында бір инсульт орталығы бар. Сондықтан бұл аймақтарда инсульт алған тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетіле алады. Әрине, тұрғындар да жедел жәрдем көмегіне уақытында хабарласуы тиіс. Өйткені инсульт алған адамға төрт сағаттың ішінде қажетті медициналық көмек көрсетіліп, қан айналымы ретке келтірілуі керек. Ол үшін науқас небары төрт сағаттың ішінде стационарлық көмекке жүгінуі тиіс.

Ал Катонқарағай ауданында инсульт алғандарға көмек көрсететін орталық жоқ. Мұнда тұратын науқастар үшін бұл - үлкен мәселе. Өйткені төрт сағаттың ішінде ауыл тұрғындары орталыққа жетіп, диагностика жасатуға уақыттары мүлдем жетпейді.

- Егер бет-әлпетіңіз бен өне бойыңыз ұйып, аяқастынан әлсіздік пайда болса, тіл байланып, көз бұлдырласа, бас ауырса, бірден 103-ке хабарласыңыз. Ал дәрігерлер бірнеше сауал қойып, науқастың жағдайын анықтайды, - дейді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Борис Викторович Галич.

Науқастың жанында жүрген адамдар да инсульт белгілерін байқай алады. Инсульт басталған адамның бет-әлпеті қимылсыз қалады, нақтырақ айтсақ, бет-әлпеті тұтылып, жартылай сілейіп қалады. Қырынан қисайып, тыржиып кетуі де, салбырап бос қалуы да мүмкін. Егер өзіңіз жалғыз болсаңыз, онда айнаның алдына баруға не оны қолға алуға тырысыңыз. Инсульт басталған кезде бет-әлпеттің пішіні бұзыла бастайды. Айнаға қарап күліп көріңіз. Егер қолыңыздан келмесе немесе күлген сәтте беттің бір жағы тыртысып, қисайып көрінсе, онда міндетті түрде 103-ке хабарласыңыз. Алғашқы белгілері басталды деген сөз.

Ауруханаға ерте жеткен науқастың емі де тез болады. Сондықтан уақытты құр жібермеудің амалын жасау қажет. Қанша білікті дәрігер болса да, дер кезінде ауруханаға келмеген науқасқа көмек көрсете алмайды. Мұның салдары да ауыр болмақ. Инсульттың соңы қайғылы жағдайға да душар етуі мүмкін. Қатты инсульт алған адам сал, мылқау, керең, есуас болып қалуы мүмкін. 

Следующая →