Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шенеуніктер отандық көлікке мінер ме?

Ағымдағы жарты жылдың қорытындысы бойынша Мәжілістің 107 депутаты 280 депутаттық сауал жолдаған екен

107 депутаттың жетеуі «Ақ жол» партиясының мүшесі. Партия мүшелерімен биыл 63 депутаттық сауал жолданған. Бұл туралы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов ШҚО Әділет департаментінде өткен кездесу барысында мәлімдеді.

107 депутаттың жетеуі «Ақ жол» фракциясына кіреді. 63 сауал «Ақ жол» фракциясымен жолданған.

- Әрбір төртінші сауал біздің партияның атынан жолданды. Сауалдардың көпшілігі әртүрлі мәселелерге бағытталған, - дейді Берік Сәлімжанұлы.

Бұл сұрақтардың көбі кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй проблемалары, ауыл шаруашылығын субсидиялау және өзге де мәселелер бойынша көтерілді.

- Отандық өндірушілерді қолдау біздің партияның негізгі бағыты деп санауға болады, - дейді Берік Дүйсенбинов. - Біздің мемлекеттік органдардың автокөліктерді сатып алу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданды. Өзіміздің отандық өндірушілер бола тұра біздің шенеуніктер бағасы 5-6 есе қымбат тұратын машиналарды сатып алу реестріне қосып жібереді. Мысалы, консерватория, колледждер мемлекет бюджетінен 100 мың доллар тұратын көліктерді кіргізіп жібереді.

Шыны керек, бұл тегіс Қазақстан төңірегінде көтеріліп тұрған елеулі мәселе болып табылады. Бірақ «Ақ жол» депутаттары көлік сұрағына келгенде бірнеше мәселелердің шешіміне мұрындық болған.

- Салық кодексінің нормаларын өзгертуге қол жетті, - дейді Берік Сәлімжанұлы. - Енді жаңа автомобильдерден екі жылға дейінгі бастапқы тіркеу үшін алым алынбайды. Бұл тұтынушылардың иығына артылған артық қаржы төлеуден және автомобильдің өзіндік құнын арттырудан сақтап қалды.

Партия тарапынан, паралимпиада мен олимпиада ойындарының жүлдегерлерін тең бағалау туралы бастама қолдау тапты. Соңғы 7 жыл қатарынан көтеріліп келген бап Қылмыстық кодекстен алынып тасталды.

Следующая →