ШҚО-да дәрі-дәрмек қоры жете ме?
Ағымдағы жылы тегін дәрі-дәрмек тапшылығы қала тұрғындарын да, денсаулық сақтау саласын да біршама буындырған еді
Тіпті, қазірдің өзінде қала тұрғындары бұл дәрілермен тек 60 пайызға қамтылған.
Бұл туралы «Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек аясында жүргізілген сатып алу қорытындысы» атты семинар жиналысы барысында айтылды.
- Тегін дәрілер мәселесі ай сайын көтеріліп тұрады. Ал Денсаулық сақтау басқармасы бір жыл бұрын тегін дәрілер тасымалы, оның қамтылуы бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынамыз деп уәде берген болатын, - дейді «ШҚО Азаматтық Альянсы» БЗТ төрағасы Олег Чернышев. - Алайда, бүгінгі қала дәріханалары 60 пайызға қамтылған. Дәріханада 20 минут тұрсаңыз, денсаулық сақтау саласы туралы кімнің не ойлайтынын естисіздер. Ал дәрігерлер болса, қарттар мен зейнеткерлер іздеп жүрген 40 пайыз дәрілердің жоқ екенін біледі.
Олег Владимирович мұндай кемшіліктің себептерін Денсаулық сақтау басқармасынан білуге тырысты. Халықтың арасында туындаған наразылыққа қандай да бір нақты жауаптың болуы керектігін алға тартты.
- Денсаулық сақтау басқармасы 26 бюджеттік бағдарлама бойынша әкімшілікке ие, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.
2017 жылға дәрі-дәрмек бойынша 11 млрд теңгеге 8 бағдарлама көзделген. 2017 жыл қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен қамту конкурсына 102 ұйым қатысты. Олардың ішінде тек 31-і жеке меншік ұйым. Аталған ұйымдардың барлығымен 373 келісімшарт орнатылды.
- Ағымдағы жылы үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамту сәуір айында өткен тендерге дейін жүргізілді, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі. - 19 шілдеге дейін дәрілерге 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Яғни, бюджеттің 65 пайызы игерілді. Дәрі-дәрмек жетіспеушілігі тендер және одан туындаған сот үрдісі барысында 20 күнге дейін созылды.
Ал Олег Чернышев, дәрі тапшылығының 4 айға созылғанын, тек соңғы екі ай ішінде алып жүргенін айтады. Бұл ретте Ерлан Әділов үшінші рет 3 млрд теңгеден астам қаражатқа бюджеттік арыз берілгенін жеткізді. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, егер қаражат бөлінбесе, жылы соңында қайтадан қысым түсуі ықтимал.