Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекеттік қызмет сапасы мүшкіл

Өңірімізде медицина саласы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша алғашқы үштіктің қатарына кіреді. Бұл туралы бір емес, бірнеше рет айтылған болатын

Дегенмен, жуықта өткен «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін негізгі себептер мен жағдайлар» атты дөңгелек үстел барысында, жоғары мәлімдемеге көз жеткізген едік.

- Шілде айында агенттік тапсырмасымен қоғамдық бақылау жұмысын жүргізген едік, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті Мемлекеттік істер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Злобин. - Тексеру жұмыстары медицина саласының 10 ұйымында өтті. Аталған жұмыстар құпия тұтынушы арқылы жасырын бейнекамерамен жүргізілді.

Агенттікпен жүргізілген тексеру жұмыстары барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына назар аударылды. Сонымен қатар, құпия тұтынушы тәсілі бойынша медицина ұйымының басшылары мен қызметкерлері аталған бақылаудың жүріп жатқаны туралы бейхабар болған.

- Ең алдымен Буров көшесінде орналасқан №2 емхана тексерілді, - дейді Бақыт Злобин. - Дәрігердің қабылдауына жазылуға келгенде бірінші күні талон болмады. Бұл сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерінің негізіне жатқызылады. Себебі, талонның бар-жоғын ешкім біле алмайды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 23-бабы бойынша ұйымдарда мемлекеттік қызмет алу тәртібі жазылады. Аталмыш ұйымда мұндай ақпараттық тақта жоқ.

ЖМК ауданында орналасқан Сол жағалау клиникасының мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы тақта болса да, әріптерінің кішілігіне байланысты оқу мүмкін емес. Сол сияқты дәрігер қабылдауына жазылу үшін жеке куәлік талап етілген.

- Мемлекеттік қызмет ұсынылатын ұйымдарда жеке куәлік тек сәйкестендіру үшін қажет, - дейді Бақыт Злобин. - Оның көшірмесін алу үшін құпия тұтынушыға жарты сағаттан астам уақыт кетті. Заң бойынша медициналық ұйымға келушілер куәлік көшірмесін бермеуі керек. Көшірмеге он теңге кетті, ал егер әр келген адам берсе, қандай соманың есебі жүріп жатқаны белгісіз.

Мұндай кемшіліктер тексерілген он медициналық ұйымның әрқайсысынан табылды. Атап айтқанда, кейбір мекемелер мемлекеттік тілде қызмет көрсету бойынша кемшіліктерге жол берген. Тіпті, кейбірі мемлекеттік қызметті алу үшін Call-орталыққа хабарласуды сұраса, енді бірі куәлік көшірмесін жасатуға қала гастрономының біріне жіберген.

Бұл әрекеттердің барлығы облыс орталығындағы дәрігерлерге көрсетіліп, басқарма өкілі тексеру жұмыстарының әлі де жалғасын табатынын туралы ескертті.

Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →