Усть-Каменогорск
малооблачно
+15°
  • Усть-Каменогорск
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +24°
  • Атырау
    +26°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +22°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Мәңгілік ел – ұлттық идея» дөңгелек үстелі өтті

Шараға кітапхана оқырмандары,  оқытушылар мен студенттер, жастар орталығының мамандары және зейнеткер ұстаздар қатысты

Жуырда Үржар аудандық орталық кітапханасының онлайн орталығында Үржар ауданы жастар орталығының мамандарымен кітапхана ұжымы бірлесе отырып ұйымдастырған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға бағытталған «Мәңгілік ел – ұлттық идея» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараның басты мақсаты - «Мәңгілік ел» идеясы маңыздылығын аша отырып, жастарды отанды сүюге, ел тарихын білуге, бірілікке, еліміздің символы деп таңылатын мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, отанымыздың ұлттық байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ, оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Шарада Елбасының ұстанып отырған сарабдал саясаты «Мәңгілік Ел» идеясының шығуы және оның еліміздің алға қарыштап дамуы үшін үлкен дара жол екені сонымен аудан көлеміндегі жетістіктері жайлы және қоғамды толғандырып жүрген бірқатар мәселелер жөнінде ой қозғалды.

- Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз жастар еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегіміз. Сол себепті бұл өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің де маңызы өте зор, - деді Науалы ауылының оқушысы Айдана Бейсенова.

Жазира Адельбаевна,

Үржар аудандық орталық

кітапханасының кітапханашысы


Следующая →