Усть-Каменогорск
ясно
-3°
  • Усть-Каменогорск
    -3°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +3°
  • Кокшетау
    +4°
  • Костанай
    +17°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +17°
  • Шымкент
    +14°
$
521.9
593.5
¥
71.47
6.39
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ата-ана құқығынан айыру бойынша 99 іс қаралған

ШҚО №1 Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде айтылды

- 2017 жылы қаралған азаматтық істер саны біршама өсті, - дейді Анна Николаевна. - 2016 жылы 206 азаматтық іс қаралса, биыл бұл көрсеткіш 266-ға жеткен. Аталмыш үрдістің өсуі физикалық және заңды тұлғалардың сот жүйесіне деген сенімінің өскенін білдіреді. Бұлардың ішінде асырап алу туралы - 23, тұрғылықты мекен жайын анықтау бойынша - 29, байланысу тәртібін анықтау бойынша - 26, ата-аналық құқығынан айыру бойынша - 99 іс қаралған. Алимент көлемін өзгерту бойынша - 39, ата-аналық құқығын шектеу бойынша - 30 іс қаралған.

Биыл әкімшілік іс 2016 жылмен салыстырғанда 199-ға дейін төмендеген. Аяқталған әкімшілік іс саны – 190.

- Бұл кейбір заңнамалардың өзгеруіне байланысты орын алды, - дейді Анна Жумагулова. - Анығын айтатын болсақ, ӘҚБТК 442-бабының 2-ші бөлімі бойынша істі қарау әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғаған органға беріледі.

2017 жылы 24 тұлғаға қатысты 16 қылмыстық іс аяқталған. Ал 2016 жылы 42 тұлғаға қатысты 30 іс аяқталған еді. Сол сияқты аталмыш кезеңде медиация тәртібі бойынша 47 іс тоқтаса, оның 4-еуі қылмыстық, 43-і азаматтық іс.

Авторы: Дос Сапар

Следующая →