Усть-Каменогорск
ясно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +7°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Арзандаған азық-түлік бар ма?

Республика бойынша 2016 жылдың маусым айымен салыстырғанда 2017 жылдың маусым айындағы негізгі азық-түлік бағасы 9,7%-ға дейін қымбаттаған

ҚР Ұлттық экономика министрлігі деректеріне қарағанда, шай мен какао бағасы 20,5%-ға, жеміс-жидек 7,3%-ға, кондитер өнімдері 11,8%-ға, алкогольді ішімдіктер 9,3%-ға, нан өнімдері 8,6%-ға, сүт өнімдері 8,4%-ға, балық өнімдері 7,6%-ға, нан 7,4%-ға, ұн 5,5%-ға, май өнімдері 3,8%-ға, макарон өнімдері 3,3%-ға, қант 1,1%-ға өскен. Ет өнімдері 10,3%-ға артқан.

Өскемен және Семей қалаларындағы азық-түлік бағаларының өзгерісін анықтау үшін облыстық Кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сұрау жіберген едік. Мекеме облысымыздағы кейбір азық-түлік бағаларының өскендігін, ал кейбір азық-түліктердің арзандағанын айтады.

- Статистикалық мәліметтерге сәйкес, маусым айында 6 түрлі азық-түліктің бағасы арзандағаны байқалады. Олар - бидай ұны, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, жұмыртқа және рожки. Ал азық-түліктердің 9 түрі өз бағасын сақтай алған. Олар - нан, сиыр еті, ас тұзы, құмшекер, сүзбе, сары май, пастерленген сүт, айран. Бағасы қымбаттап тұрған, негізінен, көкөністер, - дейді басқарма басшысы Мақсат Мүсәпірбеков.

Облыстық Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, былтыр маусым айында қарақұмық бағасы 433 теңге болса, биыл оның бағасы 376 теңгеге түскен. Ал күнбағыс майы 472 теңгеден 444 теңгеге, жұмыртқа 205 теңгеден 189 теңгеге, күріш 310 теңгеден 305 теңгеге арзандаған. Жалпылай айтатын болса, дәнді дақылдардың бағасы біршама төмендеген. Ал өзге тауарлардың барлығы қымбаттаған.

Олардың ішінде ет пен көкөніс бағалары айтарлықтай артқан. Әсіресе, көкөніс бағасының шарықтауы жұртшылықты біраз әбігерге салды. Мұндай қымбатшылық елімізде бұрын-соңды болып көрмеген еді. Республика бойынша, жыл басынан бері пияз 81,1 %-ға, картоп 74,9 %-ға, қырыққабат 61,2%-ға, сәбіз 38,1%-ға дейін өскен.

- Көктем уақытында көкөніс-жеміс өнімдерінің елде таусылуына байланысты бұл тауарлардың бағасы өсіп кетті. Облысымыздағы алыпсатарлар өнімдерді Оңтүстік өңірлерден, көрші елдерден тасымалдап әкелу арқылы бағаны шарықтатып жіберді, - дейді Мақсат Мүсәпірбеков.

Тағы бір қымбаттаған тауарлардың санатына ет өнімдері жатады. Республикада ет өнімдері 10,3%-ға дейін өскен. Ал облысымызда сиыр еті 1202 теңгеден 1318 теңгеге, жылқы еті 1308 теңгеден 1386 теңгеге, тауық еті 670 теңгеден 731 теңгеге қымбаттаған. Елімізде күз айларында мал сату науқаны басталатындықтан, ет бағасы осы маусымда біршама түсуі мүмкін.

Облыстағы көкөніс бағасын ұстап тұру үшін республиканың басқа аймақтары мен көрші мемлекеттерінен көкөністер жеткізілген. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлері мен Қырғызстан және Қытай елінен Өскемен қаласына 1730 тонна, Семей қаласына 880 тонна көкөніс әкелінген. Өскеменге 265 тонна қырыққабат, 220 тонна пияз, 195 тонна сәбіз, 1050 тонна картоп жеткізілген. Бұл көкөністердің барлығы тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде сатылады.

Сонымен қатар, басқарма басшысы облысымызда азық-түлік сататын «Ардагер» атты әлеуметтік дүкендердің бар екендігін, осы дүкендерден жұртшылық көп тұтынатын тауарларды арзанға сатып ала алатындығын айтады. Бұл әлеуметтік дүкендерде үстеме баға 10 пайыздан артық қосылмайды, сондықтан өзге дүкендермен салыстырғанда бағасы арзан.

Одан бөлек, облыс тұрғындарын әрбір сенбі сайын болатын жәрмеңкелерден арзан бағаға азық-түліктерді сатып ала алады. Өскемен қаласында «ФрешМаркет» гастрономы мен Металлургтер мәдениет сарайы алаңы алдында арнайы жәрмеңкелер өткізіледі. Мұндағы азық-түлік бағалары базар бағасынан 15-20%-ға арзан болады.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →