Онкодиспансер қашан жөнделіп бітеді?
Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансердегі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмай жатыр
- Онкологиялық динспансердің 1-2-қабаты жылу жүйесімен қамтылып, суық және ыстық су құбырлары жаңартылып, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шораев. - 1, 2 және 5-ші қабаттағы қылтима мен терезелері жаңартылды. Сол сияқты әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Капиталды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аталған диспансердегі жөндеу жұмыстарына тағы 64 миллион теңге қажет. Бұл туралы ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк ескерте отырып, жартылай ғана аяқталған жөндеу жұмыстарын бос қалдыруға болмайтынын айтты.
Авторы: Айдос Мырзахметов