Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыс орталығында қолөнер жәрмеңкесі өтті

Бүкіләлемдік маңызды саяси оқиғалардың ортасында ымыра мен бейбітшілікке келудің маңызды аренасы болып отырған елордасының қаланғанына 19 жыл толды

Астана қаласының қаланғанына 19 жыл толды. Қазақстанның бас қаласында өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесі де, Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанның атын дүйім елге танымал етуде.

Айтулы күнде, Астана күніне орай облыс орталығындағы «Жастар» саябағында қолөнершілердің де жәрмеңкесі өтті. Айта кету керек, бұл көрменің де жоғарыда атаған халықаралық көрмеге тікелей қатысы бар.

- Бүгінгі жәрмеңкеміз ең алдымен Астана күніне арналып ұйымдастырылуда, - дейді ШҚО Қолданбалы өнер орталығының үйлестірушісі Раиса Мұхамеджанова. – Сол сияқты бұл көрмеміз ЭКСПО-ға арналған. Әрине, халықаралық көрме басталғанға дейін де біз көптеген өңірлерде қолөнер бұйымдарымен таныстырған болатынбыз.

Аталмыш көрмеге жиналып отырғандардың барлығы ЭКСПО-ға бармаса да, саусағынан бал тамған өнерлі қауымның кейбірі халықаралық көрмеге баруға лайықты.

- Республикалық деңгейдегі маңызы бар көрмеге бару үшін қатаң таңдау болды. Ең басында 40 адам жиналды, - дейді Раиса Мұхамеджанова. – Комиссия олардың туындыларын бақылағаннан кейін 30 адамға дейін қысқардық. Астанада тағы да қосымша бақылаудан кейін 25-ке тағы қысқардық.

Айта кету керек, бұл көрмеге қатысушы өнер майталмандары 19 шілде күні Астана қаласына аттанады. Раиса Мұхамеджанованың айтуынша, көрмеге аттанушылардың негізгі тақырыбы қазақ мәдениеті мен діліне арналған. Көпұлтты қазақстандықтардың қолөнершілері нәсілі мен ұлтына қарамастан қазақ халқының мәдениеті мен тарихын зерттей отырып, көптеген туындылар дайындаған. Көрмеге аттанушылардың басым бөлігі Семей қаласының тұрғындары.

Аягөз Қажымұратова

Следующая →