Усть-Каменогорск
пасмурно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Астана күні он мың өскемендіктің басын қосты

Қазақстанның бас қаласының іргетасы қаланған күнге арналған мереке бұл жолы алаңға жиналған тұрғындардың жас тұрғысынан әртүрлі болғанымен ерекшеленді. Мамыражай жаздың кешкі самалымен көшеге жастар да, қарттар да жиналды

Аптап ыстықтан кейін басталған баяу әрі босаң мереке сахнаға жергілікті жұлдыздар шыққаннан кейін қыза басты.

- Мұнда үш немереммен келіп отырмын, олар билегенді өте жақсы көреді, - дейді қала тұрғыны Фаина Гусаренко. - Кезінде мерекелер аз болса, қазір апта сайын мәдени іс-шаралар өтетін болды. Мұның өзінің кереметтігі бар.

DJ Сергей Ивановтың шығуымен Республика алаңы қыза түсті. Ал халықаралық байқаулардың сан мәрте жеңімпазы атанған Владислав Лоскутов, Эльдар Уадинов пен Евгений Выбловты халық керемет ықыласпен қарсы алды.

- Әншілердің орындаған әндері барлығымызды таң-тамаша етті, - дейді концертке келуші Инна Савельева. - Бұған дейін олардың әндеріне қанық болып жүргенмін, бірақ, оларды өз көзіммен көрмеппін. Әндерін орындағаннан кейін, олармен суретке де түсетін мүмкіндік туып отыр.

Мереке соңында Евгений Выблов бұл кешті ұйымдастырған қала әкіміне алғысын білдірді.

- Жастарға қолдау көрсетіп, концерт алаңдарын ашқан Өскемен қаласының әкімі Қуат Мұхитұлына алғысымды білдіргім келеді, - дейді "X-Factor" жобасының жеңімпазы Евгений Выблов. - Қала тізгінін қолына жуықта алса да, көптеген нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Қала тұрғындары оны сүйіспеншілігіне бөлеп, ешқайда жібермейді деп ойлаймын. Себебі өзіміздің Өскеменге бар жақсылықты жасау керек болса, әкім мұны барынша атқара алуда.

Жас талант иесі қала әкіміне жемісті еңбек тілей отырып, қаланы көркейту жұмысына өз қолдарынан келгенді аянбай атқаратындарына сендірді.

Следующая →