Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облысымыздағы жұмысқа орналасу көрсеткіші қандай?

Статистика комитетінің болжамы бойынша биыл облысымыздың жоғары оқу орындарын 7 мыңға жуық студент бітіреді

Жоғары оқу орындарына түсушілер саны да, оны бітірушілер саны да жыл сайын артып келеді. Алайда, саны артып отырған түлектердің мамандық иесі атанған соң, жұмысқа орналасуы қандай деңгейде? Жұмысқа орналасу - кез келген студенттің өзекті мәселесі.

- Мен қазір «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша білім алудамын. Енді төртінші курс оқимын. Бітірген соң бірден жұмысқа кіргім келеді. Алайда нақты қандай жұмысқа, не қызметке кірерімді білмей жүрмін. Өндірісте жұмыс жасауға әзірше ойым жоқ, - дейді студенттердің бірі Ерасыл Аманғожин.

Облысымыздағы іргелі оқу орны Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мәліметтеріне сүйенсек, университет түлектері «Казцинк», ТМК, ҮМЗ, «Шығысметтүс» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Казгипроцветмет» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тәрізді өндіріс орындары мен «Азия-Авто», «Бипек Авто Қазақстан» тәрізді көлік жасау кәсіпорындарына, «Қазақтелеком» АҚ тәрізді қызмет көрсету орындарына жұмысқа қабылданатындығы айтылады.

- Университетіміз республика мен облыстың 100-ден астам ірі кәсіпорындарымен түлектерді жұмысқа қабылдау жөнінде келісімшарт жасасқан. Оқу орны жыл сайын көктем айларында «Мамандықтар жәрмеңкесін» өткізеді. Биылғы жәрмеңкеде шәкірттерді жұмысқа қабылдау жөнінде 82 келісімшарт жасалды және 193 жас маман сұхбаттасуға шақыру алды, - дейді ШҚМТУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Николай Линок.

Аталмыш оқу орнын 2015 жылы барлығы 1438 студент оқу бітірген, оның 85,2%-ы жұмысқа орналасса, 2016 жылы бітірген 1238 түлектің 89,5%-ы жұмысқа орналасқан екен.

Ал С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың мәліметтеріне сүйенсек, университет 130-дан астам мекеме және ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасаған. Бұл университет те түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары екендігін тілге тиек етеді.

- 2015 жылы 1080 студент, 2016 жылы 938 студент оқу бітірді. Олардың 94%-ы жұмыспен қамтамасыз етілді. 2017 жылы 974 студент жоғары оқу орнын аяқтайды. Қазіргі уақытта университет түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатыр, - дейді ШҚМУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.

Университет статистикасы бізді қуантады, әрине. Алайда сан қашанда кез келген мәселенің шешімі болып саналмайды.

Ал 2016 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту мекемелеріне 40298 адам жүгінген. Оның 31433-і жұмысқа орналасса, оның ішінде 28824-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс іздеп келгендердің әрбір төртінші адамы жұмысқа орналаса алмаған.

- 2017 жылдың 1 мамырына дейін жұмысқа орналасу мәселесімен 14165 адам жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген, оның ішінде 5085 адам, ал тұрақты жұмысқа 4099 адам орналасты, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.

Ал Өскеменнің жұмыспен қамту орталығына 2016 жылы 7817 адам жұмыс іздеп, көмек сұраған. Оның ішінде 6273 адамы жұмысқа орналасқан. 2017 жылдың алғашқы төрт айында 1877 адам жұмыспен қамту орталығына жүгінді, оның 890-ы жұмысқа орналастырылған.

Жұмыспен қамту орталықтарының осы жылғы төрт айлық көрсеткіштерінің жеткіліксіздігі байқалады.

- Мен былтыр жұмыспен қамту орталығына барған кезімде кешікпей жұмысқа орналасқан едім. Алайда биылғы жылы бұл орталыққа барған кезімде ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмадым, - дейді Ақнұр Сағатова.

Соған қарағанда, биылғы жылы облысымызда жұмыс табу мәселесі біраз қиындық тудыратын сынды.

Авторы: Қымбат Слямбеков



Следующая →