Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Серпіндік студенттер Шығыста қалатын болды

Шығыс өңірі Оңтүстік жастарын қабылдаған алғашқы облыс болатын. Ал Риддер қаласы «Серпін» бағдарламасымен білім алған тұңғыш түлектерін «ұядан ұшырды»

Биылғы жылы Риддер аграрлы-техникалық колледжін 22 серпіндік студент аяқтады. 2 түлек оқуын ЖОО-да жалғастыруды көздесе, 20 студент Риддерде қалып, жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

Оның ішінде «Казцинк» ЖШС іс-тәжірибеден өткен 7 студент қазіргі таңда 2023 жылға дейін кәсіпорынмен еңбек шартына отырып үлгерген. Қалған «серпіндіктер» де жұмыссыз қалмақ емес.

Үш жыл бойы білім алған студенттер бірден екі мамандық иесі атанды. Серпіндік студенттердің білім алуына қажетті қазақ тілінде арнайы оқулықтар да жазылған. Өндірістік тәжірибе кезінде әрбір студенттің жанында бір тәлімгер бекітіліп, жұмыс тәжірибесімен бөліскен. Студенттер жатақханада тұрып, үш уақыт тегін тамақтанған.

- Мен осы өңірде жұмыс істеп жүргеніме қуаныштымын. Болашақта осы қалада қалып отбасын құрсам деген жоспарым бар. Риддерге келгенде тіл мәселесінен қиналғанымыз бар еді, қазір жеткілікті түрде үйреніп алдым, - деді колледж бітіруші түлек Ержебай Арап.

Қала басшылығы оңтүстік түлектерін жергілікті кәсіпорындармен келісіп, жұмыспен қамтамасыз етпек әрі тұрғын үй мәселесін де шешім бермек. Облыс әкімдігі түлектердің ата-аналарын аймаққа көшіп келуге шақырып отыр.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →