Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қантқа қатысты дүрлікпе қайталанбайды

Облыс басшылары тәтті шекер жетіспеушілігі болмайтынын, сол сияқты бағасынының қымбаттамайтынына сендірді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасын реттеу бойынша өткен жиналыс барысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жарқын Мұсағалиев қант бағасының қатаң бақылауға алынатындығын туралы айтты.

- Жағдай бақылануды, - дейді Жарқын Мұсағалиев. - Былтырғы жылы қант бағасы күрт қымбаттап, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Бұл әрекеттері үшін кәсіпкерлерге айыппұл тағылды. Егер ағымдағы жылы бизнесмендер бұл тауардың құнын өсіретін болса, Табиғи монополияларды реттеу департаментімен тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылатын болады. Біз облысқа қант тасымалын, тәртібін және бағасын сауда нүктелерінде қатаң бақылайтын боламыз.

Сол сияқты Жарқын Мұсағалиев тәтті шекердің жетіспеушілігі болмайтынын да айтты. Оның айтуынша, былтырғы жылғы жағдайлардың қайталануы байқалмайды. Ол сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар жеті жарым тонна 19 азық-түлік түрін Семей мен Өскемен қалалық тұрақтандыру қорына сатып алынғанын айтты. Болжам бойынша, бұл қараша айына дейін жетеді.

Облыс басшыларының айтқанына қарамастан қант бағасы өсіп келеді. Қант тасымалдаушылар қазірдің өзінде іркілістер барын айтады.


Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →