Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Дәстүр: ас кәдесі - құйымшақ

«Ет дегенде, бет бар ма?» деп қалжыңына сүйікті араластырып айтатын қазағымыз астың да орнын бөлек бағалаған

Көзді ақсақалдарымызға құрметтей бергендей, құйымшақты тартудың да өз орны бар көрінеді. Өйткені қазақ жолында ас сайлауда, құыйымшақтың да сыбағалы жолы, сый табақта орны болады.

Ата бабаларымыз қой сойған кезде құйымшақты құйрық майын мол жіберіп, бөліп бұзады. Оны ет асқан кезде кәделі жіліктермен қосып береді. Төрде ет турап отырған қария ақсақалдар құйымшақтың майын табаққа турап болған соң, ас жеп отырған азаматтардың біріне ырым етіп ұсынатын көрінеді. «Құйымшақ жеген жігіт қой бақса, қорасы қойға толып, малы төлді болады, қойына қасқыр шаппайды» деген екен.

Ірі қара малдың құйымшағы кәрі жілік, ортан жілік, жая орнына жүреді. Халқымыздағы «құйысқанды құйымшақ сақтайды, құйымшақ күшті болса, құйысқан белді болады» деген сөзі бекер емес.

Бір қызығы құйымшақты ешқашан қыз балаға ұсынбайды. Өйткені қыз бала құйымшақ жесе, тұштақай болады, жеңілтек болып кетеді деп ырымдаған. Бірақ астың жаманы болмайды. Сондықтан сый табаққа салып берген кәделі астың қандайы болса да, мін тақпай, жамандамай, мадақтай отырып, жақтап жеген жақсы да, өнегелі дәстүріміздің реті болып табылады.

Кей жерде сый табаққа құйымшақ салып тартылса, кәдесіз тағам деп сөгетіндер табылып жатады. Бұл тұрғыда қазақтың бір уәжін мысалға келтіруге болар еді. «Бастан үлкен болсаң да, астан үлкен емессің. Бой жетпес жерде құран кітабы тұрса, нанды басып тұрып қасиетті кітапты алуға болмайды. Ал қол жетпейтін жерде нан тұрса, құран кітабын басып нанды алуға болады» деген сөз кең таралған. Бұл жалғыз ауыз сөзден астан үлкен ештеңе жоқ деген қорытынды шығаруға болады.

Құйымшақтың түріне байланысты ырымдардың бар екенін айта кетуге болады. Мысалы, жылқының құйымшағын жесе, жылқылы бай, сыйырдың құйымшағын жесе сыйырлы бай, ал түйенің құйымшағын жесе түйелі бай болады деп айтады. Бұл да асты қастерлеуден туындаған ырымдардың бірі деп есептеуге болады.


Айдос Мырзахметов

Следующая →