Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тау-кен байыту кешенінің құрылысы тоқтап тұр

Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы турасында айтып өтті

2016 жыл қорытындысы бойынша қала және аудандық әкімдіктер рейтінгі бойынша Күршім ауданы 7-орынға тұрақтады. Ал 2017 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 5-орынмен аяқтады. Ауданның негізгі саласы - ауылшаруашылығы. Сонымен қатар, Күршім өңірінде балық аулау, балық өнімдерін шығару жұмыстары қолға алынған.

- 2016 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд. 892,6 миллион теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда бұл 4,1 пайызға жоғары, - дейді Сейсенғазы Жұмағалиұлы. - Облысымыздағы қалалар мен аудандар арасындағы өсім қарқыны бойынша екінші орындамыз. Ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өнімі 800 миллионнан асты. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға артқан.

Қазір күршім ауданында шағын және орта бизнес нысандары 1643-ке жеткен. 87 кәсіпорын тіркелген. Олардың 72-сі белсенді жұмыс істеп тұр.

- 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд 26,1 миллионды құраған. 2015 жылмен салыстырғанда бұл 26,1 пайызға азайған, - дейді Сейсенғазы Чукаев. - Себебі 2016 жылы салынған құрылыс нысандарын пайдалануға беру туралы құжаттарды рәсімдеуде бірқатар қиындықтар пайда болды. 2017 жылы 10,4 миллион теңгеге құрылыс жүргізілген болатын.

Күршім ауданында «Республикалық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына» 2017 жылы жүзеге асырылатын жобалар жоқ. Бірақ бағдарлама аясында «ГРК «МЛД» ЖШС енген Ақбұлақ ауылдық округінде Қаршыға тау-кен байыту кешенін ашу көзделген болатын.

- Бұл жобаның жалпы құны 17 млрд 400 миллион теңге деп белгіленген. Жобаны іске асыру екі кезеңге бөлінген болатын. Бірінші құырылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, 2019 жылы жобалық қуатқа шығу жоспарланған еді. Бірақ әлемдік биржадағы мыстың құлдырауына және инвесторлардың уақытша қаржыландыруды тоқтатуына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Біз жер телімін беру сияқты жұмыстарды орындадық. Ал кәсіорын тарапынан мемлекеттік қолдау қажет деген өтінім әлі күнге дейін түспеді.

Жоспар бойынша бұл кәсіпорыннан 40 мың тонна мыс концентратын, 3300 тонна мыс катотын өндіру көзделген еді. Ал қаржылай есеп бойынша 6 миллиардтан астам пайда болар еді.


Аягөз Қажымұратова

Следующая →