Семейде жаңа мектептер пайдалануға беріледі
Биыл Семей қаласында екі үлкен мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірі 1200, екіншісі 600 орындық
Оның бірі - Ұшақтар шағын ауданында салынып жатқан 1200 балаға арналған үш қабатты мектеп ғимараты болса, екіншісі - Бобровка кентінде тұрғызылып жатқан 600 орындық екі қабатты мектеп ғимараты. Одан бөлек, келесі жылы Степное кентінде 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы да басталатын болады.
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда салынып жатқан бұл мектептер Семей қаласының маңызды мәселесін, яғни, мектеп жетіспеушілігін толықтай өтей алады.
- Ұшақтар ауданында салынып жатқан мектеп ғимараты жоба бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Ал Бобровка кентіндегі мектеп құрылысы 2017 жылдың 15 тамызында тәмамдалады. Сонда Семейде бір жылдың ішінде екі үлкен мектеп пайдалануға беріледі. Одан бөлек, Степное кентінде де 600 балаға арналған тағы бір мектептің құрылысын қарастырып көреміз. Сонымен Семейдің ең басты мәселесі толықтай шешілетін болады, - деді Даниал Ахметов.
Следующая →