Усть-Каменогорск
ясно
-3°
  • Усть-Каменогорск
    -3°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +3°
  • Кокшетау
    +4°
  • Костанай
    +17°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +17°
  • Шымкент
    +14°
$
521.9
593.5
¥
71.47
6.39
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде көгілдір аудан бой көтеруде

Семей қаласындағы 10 жыл бойы жөнделмеген жолдарға асфальт төселіп, қала маңында жаңа шағын аудан бой көтеруде

ШҚО әкімі Семей қаласына жұмыс сапары барысында Қарағайлы ықшам ауданында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Бұл жаңа ауданда 6-9 қабатты үйлер мен әр пәтердің қолданысына қажетті көлік тұрағы, мектеп пен спорт кешені салынбақ. Қазіргі уақытта мөлтек ауданның мектебі салынып қойған, тұрғын үй ғимараттарының іргесі қаланып жатыр. 

- Сонымен қатар, бұл жерде бес мың орындық бірегей «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынады. Онда 50 метрлік олимпиада бассейні мен синхронды жүзуге арналған арнайы бассейн салынады. Бұл аудан семейліктердің көз қуанышына айналары сөзсіз, - деді Даниал Ахметов.

Көпқабатты ғимараттар көк түсті кірпіштен салынып жатыр. Ғимараттардың сыртқы түсіне көп мән беретін облыс әкімі көк түсті кірпіштерге қатысты өз пікірін де білдіріп қалды. 

- Көк түсті кірпіштер жергілікті өндірушілердің материалдары. Сапасы да жоғары. Егер мердігер құрылыс материалдарын өзге мемлекеттерден алып келу қажет деп санаса, оған ешқандай қарсылық жоқ, - деді облыс әкімі.

Ғимараттардың түр-түсін қанық қылу арқылы аймақ басшысы сұр қаланың  сұйық келбетіне көрік сыйлағысы келетін сыңайлы.
Следующая →