Семей жағалауы саябаққа айналады
Биыл Семей қаласының абаттандыру жұмыстарына барлығы 726,2 млн теңге бөлінген. Оның 342,9 млн теңгесі Ертіс өзені жағалауын абаттандыруға бөлінген
Жағалауда былтыр басталған абаттандыру жұмыстары жоспар бойынша 2017 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс. «Жаса» мердігер компаниясы ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында бөлінген ақшаның 90 млн теңгесін игерген. Енді 252,9 млн теңгесі қалды.
Семейде де Өскемен қаласындағы жағалау жолы сияқты кең саяжол салынып жатыр. Аллеяның жалпы ұзындығы бір шақырым әрі Өскемен қаласындағы жағалаудан ерекшелігі - ол үш қатарлы саяжол болмақ.
Қалаға жұмыс сапарымен барған Даниал Ахметов жағалаудағы абаттандыру жұмыстарының жақсы жүргізіліп жатқанын айтып, ризашылық білдірді.
- Бір сыпыра жұмыс атқарылған екен. Мен разы болып қалдым. Енді бір мәселе бар. Ол - жағалауды жарықтандыру. Саяжол үш қатарлы болады дедіңіздер. Әр қатарға көптеп жарық бағандарын орнатыңыздар. Сонымен қатар, тал көшеттерін де молынан отырғызу қажет. Бұл жай ғана жағалау болып қалмауы тиіс, адамдардың демалуына арналған нағыз жасыл саябаққа айналуы керек, - дейді облыс әкімі.
Ал саяжол жағасында орналасатын бағандарды мердігерлер Өскемен қаласындағы "Востокмашзавод" кәсіпорнынан сатып алады екен. Аймақ басшысы жағалаудағы жұмыстарды қыркүйек айында толықтай аяқтаңдар деген тапсырма берді.
Одан бөлек, Даниал Ахметов қала әкімдігі алдындағы шағын саябақтың жолға қарасты қатарында шырша көшеттерін отырғызу керектігін айтты.
- Алаңға демалуға келген адамдар жолдағы көліктерді көрмейтіндей болсын, сондықтан шырша көшеттерін көп отырғызыңдар, - деді Даниал Ахметов.
Следующая →