Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Екі аудан бірігіп, өнім әкелді

Бұл сенбіде Көкпекті мен Зайсан аудандары бірігіп, Өскемен қаласында өз жәрмеңкелерін өткізді

Өскемен қаласы тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін екі аудан бірігіп жәрмеңке ұйымдастырған екен. 

Жәрмеңкенің бір қатарын толтырған Көкпекті ауданы облыс орталығына ет, сүт, май, жұмыртқа, бал және ұлттық тағам өнімдерін әкелген екен. 

- Жәрмеңкеге барлығы 7,5 тонна ет әкеп отырмыз. Оның 5 тоннадан астамы сиыр еті болса, 1 тоннадан астамы қой еті. Одан бөлек, 5 тонна бал өнімдерін әкеп отырмыз. Халықтың сұранысы өте жоғары. Әкелінген өнімдердің барлығы кешке дейін толықтай сатылып бітеді. Осы күнге дейін өнімдердің көп мөлшері қайдадан ауданға қайтып көрген емес, - дейді Көкпекті ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әлия Тасқайратова.

Одан бөлек жәрмеңкеге 500 кг талқан мен 300 литр қымыз, 100 кг құрт пен 2000-нан астам бөдене жұмыртқасы әкелінген. 
Жәрмеңкеге Зайсан ауданынан бір қала округі және 8 ауыл округі қатысты. Бұл аудан сенбілік сатылымға барлығы 16 тонна ет әкелген. Оның 12 тоннасы сиыр еті болса, 2 тоннасы - жылқы еті, қалғаны - қой еті. 
- Аудан өнімдерінің бағасы әдеттегі базар бағасынан 20%-ға арзан. Таңертеңнен бері бір сағаттың ішінде әкелген өнімдеріміздің жартысына жуығы сатылып кетті. Түске дейін толықтай сатылып бітеді деп ойлаймын. Ауданымызда малдың өсімі қомдалып қалды. Сондықтан қала халқын қуанту үшін әлі де жәрмеңкеге келетін боламыз, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Марат Қалиасқарұлы.

Зайсан ауданы Өскемен қаласындағы сенбілік жәрмеңкеге жыл басынан бері осымен төртінші рет қатысып отыр екен. Айнабұлақ ауданы тұрғындары жәрмеңкеге ерекше өнім  бөдене жұмыртқасын әкеліп отыр екен. Үйде бөдене өсіретін ауыл тұрғындары қант диабеті мен жүрек-бүйрек ауруларын емдеуге қолданатын бөдене жұмыртқасының бір данасын 30 теңгеден, ал бір қаптамасын 550 теңгеден сатып жатыр. 

- Әр сенбі сайын жәрмеңгеге келіп тұрамын. Бұған дейін Тарбағатай, Катонқарағай ауданы жәрмеңкелеріне келген едім. Бағалар ыңғайлы. Концерттік бағдарламасы да ұнады. Алайда ораза айына байланысты қайырымдылық акцияларын ұйымдастырса деп ойлаймын, - дейді Өскемен қаласын ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнеткер Төлеген Байтуленов.
Следующая →