Семейдегі аллея әкімді таңқалдырды
Облыс әкімінің Семейге жасаған сапары кезінде Ертіс өзені жағалауында салынып жатқан саяжолды көріп қайтты
Даниал Ахметовты жағалауда салынып жатқан аллеяның төрт қатарлы екендігі әрі оның 1 шақырымға дейін созылатындығы таңқалдырды.
- Мұндай аллея Өскемен қаласында да жоқ қой, - деді облыс әкімі өз кезегінде.
Сонымен қатар, аймақ басшысы саяжолдың бойында жарық бағандарын көп қою қажеттігін әрі мол көлемде абаттандыру жұмысын жүргізу керектігін айтты.
- Бұл аллея тек жағалау маңындағы жүретін жүргіншілер жолы ғана болып қалмауы тиіс, адамдар демалатындай көрікті саябақ болуы керек. Сондықтан қыркүйек айына дейін жас көшеттерді молынан отырғызу керек. Демалуға келген адамдар қараңғыда қалмауы үшін көп жарық орнату керек, - деді Даниал Ахметов.
Ал саяжол жағасында орналасатын бағандарды мердігерлер Өскемен қаласындағы "Востокмашзавод" кәсіпорнынан сатып алады екен.
Следующая →