Усть-Каменогорск
облачно
-31°
  • Усть-Каменогорск
    -31°
  • Семей
    -22°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -24°
  • Актобе
    -9°
  • Актау
    +6°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -20°
  • Кокшетау
    -25°
  • Костанай
    -19°
  • Кызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +5°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    +6°
$
501.26
+4.41
590.38
+4.84
¥
72.97
+0.74
6.54
+0.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Курчатов қаласында техно-туризм дамып келеді

ШҚО-да туризмнің тағы бір түрі дамуда. «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризм саласы аясында Курчатовта туристерге арналған сапар ұйымдастырылады

Ұлттық ядролық орталық пен шаһар басшылығы бірлесе құрған техно-туризм жобасы аясында өткен жылдың өзінде қалаға 1 456 турист келген. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов мәлімдеді.

– Техно-туризм аясында келген қала қонақтары ядролық сынақ өткен алаңда болып, ядролық жарылыстан кейін пайда болған көлді тамашалай алады. Ағымдағы жылы Астанада өтетін «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризмді жандандырып отырмыз, – деді Алмас Оңдақанов.

Әсіресе шетелдіктердің қызығушылығын танытқан туризмнің бұл жылдан-жылға дамып, келушілердің саны артып келеді. Аталған нысандар қазіргі таңда жабық болғанықтан, алдын ала өтініштер қабылданып алады. Қалалық әкімдіктің санағы бойынша, техно-туризм сәтті іске асқанда жылына 12 млн теңге шамасында қаражат түсуі мүмкін.

Следующая →