Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейліктер қаржылық пирамидаға 7 млн теңге салған

Шығыс Қазақстан облысының төңірегінде «Tulpar888», «Million888» қаржылық пирамида жобаларына шақыру әрекеттері тіркелген

ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі 2014 жылы жақын құрбысымен Ақтөбе қаласында «million888соm.» веб-сайтын шығарып, ірі көлемде салымшылардың ақшаларын тартып, қаржылық пирамида құрған азаматша Ш-ның тергеуін аяқтап, сотқа жіберді. 

- Физикалық тұлға жобаға қатысу туралы әріптестік арыз беріп, бағдарламаға қатысуға қажетті соманы азаматша «Ш» банк картасына  аударады. Кейін сайтқа тіркеліп, өзін шақырған адамның орнына отырады, - дейді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі Ләйла Ысқақова. - Кейін бағдарламаға қатысушы өзінің орнын басатып, тағы екі адамды жобаға шақырады. Өз кезегінде шақырылғандар тағы екі адамнан шақырады. Қосымша қатысушылар шақырылғаннан кейін ғана «жеті орынды үстел» қалыптасады. Осыдан кейін алты адамды тіркеген тұлға 180 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Оның 125 мың теңгесі азаматша «Ш» картасынан келіп түссе, қалған 55 мың теңгесі бағдарламаға қайтадан қатысуға құқық беретін инвестиция ретінде жүйеде қалады. 

2015 жылы құрбысының қайтыс болғанына қарамастан азаматша «Ш» «tulpar.million888.com» веб-сайтын автожоба ретінде ұйымдастырады. Қасақана салымшыларды тарта отырып, оларға «Тойота-Королла» маркалы жаңа автокөлікті сыйақы ретінде алуға болады деп уәде берген. 

- Тергеу барысында анықталғандай, 2014 жылдың шілде айынан 2016 жылдың тамызына дейін азаматша «Ш» есебіне 71 млн.теңге қаржы түскен, - дейді Ләйла Ысқақова. - Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, азаматша «Ш» 2015 жылдың жазында салымшылар санын өсіру үшін жаңа  «tulpar.million888соm.» жобасының таныстыру рәсімін өткізген. «Рахилаш» сауда үйнде өткен рәсімде Семей қаласының тұрғындарына өзін «tulpar.million888соm.» директоры ретінде таныстырады. Келушілерге жобадан пайда алуға уәде бере отырып, қаражат салуды ұсынған.

2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қаңтарына дейін жалғасқан қылмыстық әрекеттері барысында қаржылық пирамидаға семейлік 31 тұрғын 7 миллионнан астам қаржы салған. Тергеу барысында азаматша «Ш» зардап шеккендердің қаражатын өз еркімен қайтарып берді. 

Семей қалалық №2 сотымен азаматша «Ш» мүлкі тәркіленіп, физикалық және заңды тұлғалардан ақша тарту арқылы пайда көру құқығынан 7 айрылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды. ҚР «ҚР-ның 25 тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай рақымшылық туралы» заң талабына сәйкес негізгі жаза жартылай қысқартылды. Жаза заңды күшіне енген жоқ. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша қыржылық пирамида құрғаны және ұйымдастырған үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыратын қылмыстық жауап көзделгені туралы облыс тұрғындарын ескертеміз. 
Следующая →