Жалғызбасты аналар құжат жөндеуде көп қиындықтарға кездеседі
«Ана үйі» жобасы посткеңестік кеңістіктегі ең ерекше жобаға айналғаны белгілі. Жоба негізінен 2013 жылы қазақстандық кәсіпкерлермен құрылған болатын
Біздің облыста аталмыш Ана үйі екі қалада кездеседі. Өскемен қаласында 2014 жылы ашылса, Семей қаласындағы арнайы үй 2015 жылы ашылған. Аналар аталмыш үйде тегін өмір сүреді. Оларға психологиялық қолдау көрсетіледі. Медициналық көмек те ұсынылады.
- Егер бала белгілі бір дертке шалдыққан болса, оның дәрі-дәрмектерін алуға, медициналық қорытынды шығаруға, тіпті, ота жасауға да қорымыз жан-жақты қолдау көрсетеді, - дейді Найля Онгарбаева. - Қазіргі таңда құжат рәсімдеуге келгенде бірқатар сұрақтар туындап тұрады. Оның біріншісі баланың құжатын рәсімдеу болса, екіншіден жәрдемақы рәсімдеу мәселесі. Әрине, жәрдемақыдан бұрын, құжатты рәсімдеу әлдеқайда күрделі. Менің тәжірибемде ешқандай құжатсыз дүниеге сәби әкелген екі ананың жағдайы орын алған болатын.
Яғни, баланың құжатын жасау мүмкін емес деген сөз. Егер туу туралы куәлігі болатын болса, құжаттары сол арқылы дайындалады. Айта кету керек, балаға бөлінетін жәрдемақы және медициналық рәсімдеу құжаттары да құжаттық ретпен жасалады. Аталған екі ананың біріне құжаттар дайындалған.
- Иә, құжаттардың бірін Ресей Федерациясы арқылы жасауға тура келді. Нақтырақ айтқанда, Ресей консулдығы арқылы жасауға, қазір біршама мүмкіндіктер ашылды, - дейді Найля Онгарбаева.
Бұл тұрғыда дүниеге келген сәбидің екпеден өту мүмкіндігінен айырылатыны анық. Яғни, баланың тиісті құжаттары болмаса нақты медициналық көмексіз қалуы да мүмкін.
- Бұл тұрғыда балаға көмек көрсетуге болады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау бойынша қоғамдық кеңесінің мамандандырылған жұмыс тобының мүшесі Рая Рахимова. - Әрине, бұл жерде баланың туу туралы куәлігіне сүйене отырып тиісті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге болады. Бұл әсте мүмкін әрекеттер. Ал анасының құжаттарын дайындауға келетін болсақ, бұл өте күрделі үрдіс болып табылады.
Әрине, «Ана үйі» қоры айтарлықтай жас жоба болып табылады. Сондықтан, аталмыш мәселелер әрқилы кездесіп тұрады. Ана үйінің үйлестірушісі мұндай мәселелердің тәжірибеде қалатынына сенімді.
Следующая →