Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста өрт сөндіруге техника қажет

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өрт сөндіру жұмыстарына қосымша техника қажеттігін айтуда

Республика деңгейінде министрліктен қаржы бөлінбейтіндігін тілге тиек еткен Шығыс Қазақстан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары облыс әкімінен 7 өрт сөндіру машинасын және 4 трактор сатып алу үшін 328 млн теңге қаржы сұрап отыр. 

- Қазірдің өзінде өрт сөндіру жұмыстарына 7 өрт сөндіру машинасы және 4 трактор қажет болып тұр. Біз коммуналды мекеме болғандықтан, тек облыстық бюджеттен ғана қаржыландыру ала аламыз, - деді ШҚО табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Құсаинов.

Басқармаға бұған дейін 2016 жылы облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлінген. Оған 15 кіші өрт сөндіру кешендері сатып алынған. Ал басқарма өзінің 10 млн теңге қаражатына өртке қарсы құрал-саймандар (мотопомпа, радиостанция, тұтандырғыш аппараттар, т.б.) сатып алған.  Ал облыс әкімі басқарманың бұл сұранысын қанағаттандыруға тырысатындығын жеткізді.

- Қалың орман өрті болатын болса, аз техника өз міндетін атқара алмайтын болады. Сондықтан өрт сөндіру техникаларын сатып алуға қарсы емеспін. Облыстық бюджетті қайта қарастырып, бірқатар техникаларды сатып алуға қаржы бөлетін боламыз, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Негізінде, орманды өрттен сақтау мекемелеріне барлығы 35 трактор, 17 өрт сөндіру көлігі және 7 патрульдік көлік қажет екен. 
Следующая →