Украинка орта мектеп-балабақша кешенінде «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті
Ұлан ауданындағы Украинка орта мектеп-балабақша кешеніндегі мектептен биыл 9 түлек қанат қақты
Соңғы қоңырауда аудан әкімі Д.Батырбаев және мектеп директоры М. Ташимова барлық қатысушы қонақтар мен көрермендерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы емтиханды сәтті тапсыруларын және түлектердің өмірде өз орындарын тауып, оқушылардың жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жаңа күш жігермен келулерін тіледі.
Биыл салтанатты тізілісте 1992 жылы, яғни 25 жыл бұрын жасалған «уақыт капсуласын» ашты. 2017 жылғы түлектер бұл дәстүрді жалғастырып, келешекте өз жолдауларын қалдырды. Соңғы қоңырауды соғу құқығы 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері Бутакова Екатерина мен 1-сынып оқушысы Ильясұлы Айбекке берілді. Соңғы қоңырау мерекесі жүректі тебірентетіндей жақсы көңіл күйде өтті.
Следующая →