Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зырян ауданының әкімі есеп берді

Ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов ағымдағы жылдың төрт айында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарларымен бөлісті

Айта кету керек, Зырян ауданының негізі 1997 жылдың 23 мамырында қаланған болатын. Қазір бұл ауданда 70 мыңға жуық тұрғын мекен етеді. Аудан ауылшаруашылық саласы жағынан ірі өндірістік өңір болап табылады.

- Қазір біздің ауданда Зырян тау-кен байыту комбинаты, Бұқтырма цемент компаниясы, сонымен қатар ауданымыздағы жалғыз орман шаруашылығында ондаған ағаш өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов. - Қазір ауданымызда ағаш өңдеп, өнімдерін экспортқа шығаратын «Фаворит» компаниясы жұмыс жасайды.

Зырян ауданының еншісіндегі ерекше табиғатын айтпаса болмас. Бай өлкедегі пайдалы қазбалардың, агроөнеркәсіпті дамытуға бағытталған пайдалы жерлер, Бұқтырма су қоймасының жағалаулары ауданның экономикалық жағдайына тек оң әсерін тигізуде. Жалпы айтқанда тау-кен өндіру, су энергетикасы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы бұл ауданда айтқысыз байқалады. Агроөнеркәсіпке келгенде аудан алдыңғы қатарлардан көрініп келеді.

- Қазіргі таңда Зырян ауданының 70 пайыз жері агроөнеркәсіптік бағытта игеріледі. Бізде бос жер телімдері жоқ деуге болады. Жақсы өнім алғандықтан жерімізді толықтай игеруге тырысамыз. Біздің шаруалар мұны жақсы түсініп алған, сондықтан ағымдағы жылдың өзінде көктемгі тыңайту жұмыстарын екі есеге күшейттік, - дейді Нұржан Тлеужанұлы.

Өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 6 млрд 515,7 млн-ды құрады. Өндірістік өнімнің нақты көрсеткіші 95,1 пайызды құраған.

Дос Сапар

Следующая →