Глубокое ауданында екі мектеп жөнделеді
Глубокое ауданы оқушылар контингенті 7203-ті құрайтын барлығы 28 орта білім беру ошағы бар. Оның 23-і орта, үшеуі негізгі және екеуі бастауыш мектеп
Глубокое ауданында биыл екі білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.
- Даниал Кенжетайұлы биыл облыстағы барлық білім ошақтарын жөндеу қажеттігін айтқан болатын, - дейді Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонұсов. - Сол себепті ауданда қай мектеп жөндеуді қажет ететіндігін анықтап, қаражат бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылуда. Мәселен, биыл Винное орта мектебінің шатырын жөндеу қажет, оған қажетті құжаттардың барлығы дайындалды. Ал Белоусовкадағы бастауыш мектептің жөндеу жұмыстарына 32,5 млн-ның құжаттары дайндалған.
Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, осы екі білім ордасының жағдайы аса күрделі көрінеді. Биыл жөндеу жұмыстары жүргізілсе, кейін басқа мектептерге де кезек келеді.
- Музыкалық мектептің де шатыры жаман жағдайда. Жалпы, жыл сайын жоспарда бар білім ошақтары жөнделетін болады, - дейді Қалихан Байғозыұлы.
Глубокое ауданында орыстар қалың шоғырланғаны белгілі. Сол себепті де ауданда әзірге О. Бөкей атындағы мектеп қана қазақтілді.
- Бір ғана қазақ мектебі болғанымен, басқа мектептерде оқу орталықтары бар, - аудан басшысы. - Онда сабақтардың 40 пайызы қазақ тілінде жүреді. Аралас мектеп 12. Жалпы, ауданда қазақ тілі дамуының динамикасы бар, тіпті, қазақша білім алып жатқан орыс балалары да кездеседі.
Биыл қазақ тілді білім ошағының табалдырығын 82 бала аттаған көрінеді. Осы орайда қазақ тілінде білім алуға ниетті оқушылар бар болса да, ауданда тағы да қазақтілді мектеп ашу әзірге жоспарланбаған.
- Жаңа мектеп ашу туралы мәселе қойылып отырған жоқ, - дейді Қалихан Байғонұсов. - Ол үшін сараптама, талдама жұмыстары жүргізіліп, динамиканы шығару керек. Қазір одан бөлек Ы. Алтынсарин атындағы мектепте үштілділік мәселесін жүзеге асыру сұрағы тұр. Қазір осы маңызды мәселе төңірегінде жұмыстар жүргізілуде.
Следующая →