Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен дүңгіршектері жаңартыла ма?

Қандай қала болмасын, инфрақұрылымы қалыптасқан толыққанды жергілікті мекенде дүңгіршектердің бар екені белгілі

Бүгінгі таңда бұл сауда нүктелері қаланы қойып, ауылға жеткелі қай заман.

Әрине, жер сатып алып, оның құжатын рәсімдеп, құрылыс материалдарына шығынданып, халық денсаулығы мен қауіпсіздігіне сай келетін дүкендерден бұрын, дүңгіршекке ие болу әлдеқайда жеңілдік береді. Себебі, темірден жасалатын бұл «ұяларды» аяқ-киім жөндейтін, азық-түлік сататын, не болмаса жылдам-тамақтанатын нүктелерге айналдыру әлдеқайда жеңіл. Бірақ, барлық дүңгіршектер санитарлық, этикалық, қауіпсіздік талаптарға сай ма?

- Қала аумағында жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 200 заңсыз орналастырылған дүңгіршектер анықталды, - дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Қымбат Ануарбекова. - Олардың көбі қаламыздың орталық көшелерінде және аулаларда орналасқан дүңгіршектер. Олар қаланың эстетикалық көркін бұзады. Сонымен қатар кейбір павильондарда азық-түліктер антисанитарлық жағдайларда сатылады. Ал бұл тұтынушылардың денсаулығына тікелей әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде қала үйлерінің арасындағы ауладан бастап, жамыраған халық жүретін базарға дейін дүңгіршектер орнатылған. Анықталғандай, тауарлары қаншалықты қолжетімді болғанымен, орналасқан орындары соншалықты ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Бір қызығы бұл туралы шағымдар жергілікті атқарушы билікке тұрғындар тарапынан түскен көрінеді.

- Кейбір дүңгіршектер жаяу жүргінші жолында, аулаларда орналастырылған. Бұл кейбір тұрғындардың наразылығын тудыруда, - дейді Қымбат Сәрсенбайқызы.

Айта кету керек, жаяу жүргінші жолындағы дүңгіршектердің бірі Протозанов көшесі, 61 мен Орджонокидзе көшесі, 50 мекен-жайының ортасында орналасқанын мысалға келтіруге болады. Ол дүңгіршектің қашаннан бері тұрғаны белгісіз. Бірақ сол маңайдағы тұрғындарға жеміс-жидек саудасын жүргізетіні анық. Атқарушы билік органдары аталмыш сауда нүктелерінің алынып тастайтынын, не болмаса белгілі бір орындарға орналастыратыны туралы дерек атамады. Алайда, дүңгіршектердің келбетіне қатысты өзгерістер туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, заманауи талаптара жауап беретін, сатушы мен тұтынушыға да ыңғайлы болып келетін сауда нүктелерінің ашылып жатқаны бар.

- Әрине, кәсіпкерлер сауда нүктелерін қиратпай, жұмыстарын ары қарай жалғастыра бергендерін қалайды, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова. - Бұл ретте әкімдік жер жалдамасының уақытын соза алады. Бірақ бұл үшін ескі дүңгіршектердің орнына бірыңғай архитекторлық түрде жасалған жаңа дүңгіршекті қоюлары керек.

Аталғандай, мұндай нысанның бағасы айтарлықтай қолжетімді көрінеді. Сауда мекемелерін жаңарту талабы жылдам тамақтану, жөндеу шеберханаларын да тегіс қамтитын сыңайлы. Айта кету керек, бұл өзгерістер газет сататын дүңгіршектерді де қамтуы мүмкін. Қаламызда орналасқан «Қазпресс» газет дүңгіршектерінің негізгі кеңсесі Алматы қаласында орналасқандықтан, оған қатысты өзгерістер тікелей сол жақтан бастау алады. Дегенмен, бұл өзгерістердің орын алатынын, алмайтынын ешкім нақтылап айта алмайды. Бірақ, соңғы жылдары қалада орналасқан базарлардағы сауда орындары да түрленіп келеді. Әсіресе, «Заречный» мен «Ивушка» базарлары бірнеше рет жаңартылып, айтарлықтай көріктеніп кетті. Бірақ бұл өзгерістер үшінші орталық базардан байқалмайды. Ұялы телефон сататын дүңгіршектерді ересек қауым білмесе де, жастар тарапы әбден жаттап алған. Аталған ескі дүңгіршектердің ең көбі аталмыш базарда орналасқан. Дүңгіршектерді жаңартуды қолға алған билік өкілдері, бұл сұрақты көтере ме, тағы уақыттың еншісінде қалмақ.


Дос Сапар

Следующая →