«ЭКСПО-2017» билеттерін табыс етті
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Жарма ауданына демеушілік көмек ретінде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер табыс етті
Барлығы 2 миллион 340 мың теңгеге 390 билет сатып алынды. Естеріңізге салсақ бір билеттің құны қазір 6 мың теңгені құрайды. Билет иесі өзіне ыңғайлы жұмыс күнін таңдап, көрмеге бара алады. Демеушілік есептен бөлінген билеттер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері әзірлеген тізім бойынша көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға таратылады.
- Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі еліміздің тарихындағы ең елеулі оқиға. Осы көрмеге Жарма ауданы да өз жобаларын жіберіп отыр. Атап айтқанда, Шарда жел электр энергиясын орнату және Жаңғызтөбеден күн электр энергиясын өндіру жобалары бөлінген. Бұл жобаның біріне 17 миллиард, ал екіншісіне 30 миллиард теңге қаралған. Ал ауданымызда бұл көрмеге 1700 билет сатып алынды. Бұған қоса Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны да бізге 400-ге жуық билетті сыйға тартты.
Сонымен қатар биылғы жылы аудан тумасы, айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойына Жарма ауданында республикалық ақындар айтысын өткізу жоспарлануда. Осыған орай «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС аталған шараға демеушілік көмек көрсете отырып, 4,5 миллион теңге көлемінде қаражат бөлді.
Кәсіпорын жыл басынан бері Бақыршық орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындауға 6 миллион теңге қаражат бөлген.
Следующая →