Діни басқармасы өз мамандарын оқытатын болды
ШҚО Дін істері басқармасы өз имамдарын «Нұр Мүбарак» университеті мен Қазан қаласындағы Ресей ислам университетіне оқуға жіберуді ойластырып отыр
Бұл жайында ШҚО әкімдігінің кезекті отырысында Дін істері басқармасының басшылары хабарлады.
Облысымыздың мешіттерінде жұмыс істейтін 223 теологтың 33-інің жоғары теологиялық білімі, 34-інің арнаулы орта теологиялық білімі бар. Ал 156 адамның арнаулы теологиялық білімі жоқ, оның 130-да тек орта мектептік қана білімі бар.
- Облысымызда білікті имамдардың саны жетіспейді. 150-ден астам имамның тек орта білімі ғана бар. Олар тек Құранның аяттары мен сүрелерін ғана оқиды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейді. Іріткі салушы діни ағымдармен жұмыс жасау үшін бізге білікті мамандар керек, - деді Облыстық дін басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айтқұрман Ескенұлы.
Соған байланысты дін басқармасы жоғары білімі жоқ имамдарды «Нұр Мүбарак» университеті мен Ресей ислам университетіне оқуға жіберуге шешім қабылдап отыр.
- Уағыз жұмыстарын жүргізетін мамандардың көбі өз саласынан хабары жоқ. Сондықтан аталмыш саланың мамандарына толыққанды білім беруді жолға қоюымыз қажет. Бұл олқылықтың орнын толтыру басқарманың басты міндеті, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Шығыс Қазақстан облысынан «Нұр Мүбарак» университетінде оқитын 53 студент өңірге жұмысқа келетін болды. Сонымен қатар, имамдарға орыс тілін үйрету мақсатында облыстың Лингвистикалық орталығында имамдарға арналған орыс тілі курстары ұйымдастырылған.
Следующая →