Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Депутаттық ұсыныс: экологиялық экран орнату қажет

Облыстық мәслихат депутаты Фарид Абитаев қаланың экологиялық жағдайын көшедегі жарнама экрандары арқылы халыққа ұсынып отыруды қалайды

- Қаламыздың экологиялық жағдайы бәрімізге де мәлім. Кей уақыттары халық арасында экологиялық жағдайды ушықтыратын жалған, қауесет ақпараттар көп тарап кетеді. Мұның алдын алу үшін халыққа қаланың экологиялық жағдайы жайындағы көрсеткіштерді онлайн арқылы үнемі, күнделікті таратып отыру қажет, - дейді Фарид Абитаев.

Депутат көше экрандарында жарнама тарататын агенттіктермен және қалалық экологиялық қызмет өкілдерімен келісе отырып, аталмыш идеяны жүзеге асыруға болатындығын айтады. 

- Халықтың экологиялық жағдайды білуге деген қызығушылығы басым. Сондықтан жарнама дисплейіне шығып тұратын ақпаратқа да жиі қарайды. Халықтың мұндай әлеуметтік сұранысы кең экран иелерінің де қызығушылығын тудыруы мүмкін, - дейді депутат. 

Депутат аталмыш бастаманы облыстық мәслихат депутаттары сессиясында екі рет көтерген екен. Идея әлі өз шешімін таппаған. Дегенмен, мәслихат депутаты өз бастамасын әлі де жетілдіріп, депутат талқылауларынан өткізіп, ағымдағы жылдың соңына дейін мәселені шешетіндігін айтады. 
Следующая →