Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде меценаттар форумы өтті

Облыстық халықтар Ассамблеясы 2016 жылы екі үлкен жаңа бағытта – медиацияны дамыту мен қайырымдылық шараларымен айналысу жұмыстарын жүргізген болатын

Өскемен қалалық Достық үйінде ШҚО Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Меценаттар клубының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, «Ореол-LTD” директоры Сергей Коротиннің бастамасымен меценаттар форумы өтті. Аталмыш форум облысымызда алғашқы рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың ойынша, форум ресми жағдайда емес, меценат мүшелерінің арасында қарым-қатынас орнату мақсатында еркін пікір алмасу алаңы ретінде жасалып отыр.

Облыстық халықтар Ассамблеясы 2016 жылы екі үлкен жаңа бағытта – медиацияны дамыту мен қайырымдылық шараларымен айналысу жұмыстарын жүргізген болатын.

- Біз 2016 жылы облыстық халықтар Ассамблеясы меценаттар клубын, Журналистер клубын және жастар лигасын құрған болатынбыз. Меценаттар клубының құрылғанына аз уақыт болса да ауыз толтырып айтарлық игілікті істерді тындыра алдық. Мәселен, «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында аз қамтылған отбасының 254 оқушысына 4 млн теңгеден астам қаражатқа көмек көрсеттік. Ал ҚХА қорына 1 млн теңгеге жуық қаражат аудардық, - деді ШҚО халықтар Ассамблеясы хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Облысымыздағы меценаттар клубы 2015 жылы қабылдаған «Қайырымдылық туралы» заңның негізінде құрылып отырған көрінеді. Меценаттар клубының басты мақсаты – аймақтағы қайырымдылық істерін үйлестіру. Қазірдің өзінде меценаттар клубына 300 адам мүшелікте тұр.

- Қайырымдылық істері сөз жүзінде емес, іс жүзінде атқарылуы тиіс. Қамқорлық жасау – бұл рухани іс. Қайырымдылық жасау арқылы жан-дүниең тыныш табады. Сондықтан облысымыздың барлық бизнесмендеріне қайырымдылықпен айналысуға шақырамын, - деді Сергей Коротин.

Форум аясында «Құрмет Алтын кітабын» шығару ұсынылды. Бұл кітапта қайырымдылық жұмыстарымен айналысқан меценаттардың есімдері мен игілікті істері паш етіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жебеушілерді жарнамалау үшін емес, ең алдымен қайырымдылық жұмыстарының аясын кеңейте түсу үшін аса маңызды. Форум барысында клубтың құрылымына қатысты, кітап мазмұнына қатысты белгілер талқыға салынды.

Айта кету керек, отырыс барысында форумның атына сай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, Ана үйіне және басқа да әлеуметтік жоба иелеріне керек жарақтар тарту етілді.

Дос Сапар

Следующая →