100-ге жуық жанұя көшіп келеді
Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Шығыс Қазақстанға жүзге тарта жанұя көшіп келмек
- 98 жанұя көшіріледі деген жоспар бар. Барлығы 310 адамды құрайды, -дейді жергілікті халықты жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі Геннадий Русанов. - Қазіргі таңда облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен жұмыс комиссиясы құрылды. Ағымдағы жылдың 3 және 5 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында өткен бос жұмыс орындарының форумына қатыстық. Жалпы Мақтаарал, Сарыағаш аудандарын, Шымкент қаласын қамтыған болатынбыз.
Бөлім басшысының хабарлауынша, негізі 160-тан астам көшеміз деген жанұя анықталған көрінеді. Олардың ішінде 35 отбасымен жұмыс атқарылуда.
- Олар Үржар, Риддер қаласы және Шемонайха аудандарына көшіріледі, - дейді Геннадий Федорович. - Нақты көшіп келгендер жоқ. Себебі жұмысымыз енді басталды. Олар қазір құжаттарын жинастыру барысында.
Айта кету керек, өзге облыстарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жалғасын таппақ. Ағымдағы айда Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарына сапары жоспарланған.
Следующая →