Өскемен маса мен шіркейден тазартылады
Қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы бөлімі өзен мен су қоймаларының маңайын жәндіктерден тазартпақ
Өткен жазда облыс орталығының жағалауынша шыбын-шіркейлер тұрғындардың мазаларын алған болатын. Бұл жылы мәселенің шешімі табылатын сыңайлы.
- Шіркейлерді арнайы құралдармен жоятын боламыз, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы бөлімі басшысы Асқар Жақсылықов. - Мұнымен мамандар айналысады. Қазір бірнеше компаниямен байқау өтуде. Жақсы ұсыныстарымен көрінген компаниялар шыбын-шіркейдің көзін құртумен айналысады. Жұмыс су қоймалары жақын орналасқан өңірлерде улау жүргізіледі. Маусым айына дейін өңірлерде 4 рет улау жұмыстарын жүргіземіз, бірақ шіркейлерді құрту жұмысы жазда да жалғаса береді.
Айта кету керек, облыс орталығындағы көлемі 200 гектарға татитын алаңда улау жұмыстары жүреді.
Следующая →